Словения Президенті Nazarbayev University студенттеріне дәріс оқыды

31 наурызда Қазақстанға ресми сапары аясында Словения президенті Наташа Пирц-Мусар ханым Nazarbayev University-ге келіп.

Словения Президенті Nazarbayev University студенттеріне дәріс оқыды

31 наурызда Қазақстанға ресми сапары аясында Словения президенті Наташа Пирц-Мусар ханым Nazarbayev University-ге келіп, онда "Жан-жақтылықтың төмендеуі – аңыз ба, әлде шындық па?" тақырыбында дәріс оқыды. Шараға университтен 200-ден астам студент, оқытушы және қызметкер қатысты.

Қонақты Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, NU вице-президенттері Кадиша Дайырова мен Әсел Увалиева, сондай-ақ вице-проректор Лоретта О’Доннелл күтіп алды. Дәріс басталғанға дейін Пирц-Мусар ханым университеттің құрметті қонақтарына арналған арнайы кітапта жазба қалдырды.

Словения Президенті өз сөзінде бітімгершілік саясат, су ресурстары, адам құқықтарын қорғау, қоршаған ортаны қорғау, жасанды интеллект және гендерлік теңдік сияқты маңызды жаһандық тақырыптарды қозғады. Президент гендерлік әділеттіліктің ерекше маңызын атап өтіп, аталған мәселелердің барлығын шешу үшін халықаралық деңгейде ұжым ретінде бірігіп күш-жігер жұмсау қажет екенін атап өтті.

"Гендерлік теңдік пен гендерлік әділеттілік туралы сөз еткім келеді. Олардың арасындағы айырмашылық мынада: теңдік — барлығына бірдей аяқ киім беру, ал әділдік — әркімге өзіне сай келетін аяқ киім беру. Сол үшін гендерлік әділеттілік көптеген саяси қадамды қажет етеді. Словения әйелдердің құқықтарын белсенді түрде қорғайды, сондай-ақ олардың көшбасшылық позицияларда болуын қолдайды. Мен Словенияның алғашқы әйел президентімін, оған қоса Словения Парламентінде әйелдердің үлесі — 36%. Бұл көрсеткіштер біртіндеп өсуде, бірақ әлі де жұмыс көп", — деп атап өтті Пирц-Мусар ханым.

Сонымен қатар Словения Президенті Қазақстан мен Словения арасындағы, әсіресе жасанды интеллект және су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетіне сенім білдірді.

"Қазақстан мен Словения — мүмкіндіктер көп елдер. Біздің бизнес-қауымдастықтар бұл сөздерді растайды деп үміттенемін", — деді ол.

Дәрістен кейін студенттер Словения Президентіне сұрақтар қойып, халықаралық саясат пен әлеуметтік дамудың маңызды аспектілерін талқылай алды.

NU-ға барар алдында Словения Президенті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізді, сондай-ақ БАҚ өкілдеріне арналған брифингке қатысты. Онда Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев Йозеф Стефан атындағы словениялық институт NU-мен әріптестік орнатуға мүдделі екенін, өз кезегінде, Қазақстан Словенияның жоғары оқу орындарымен және зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін атап өтті.

Бұрын Cronos.Asia Еуроодақ пен Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары туралы сарапшының пікірін жариялады.




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости