Қазақстанның мемлекеттік қарыз деңгейі "төмен" болып қала береді
Біз Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын қабылдадық.
фото: gov.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына жауап берді.
Вице-премьер өз сөзінде халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк және халықаралық рейтинг агенттіктері жыл сайын Қазақстанның экономика даму деңгейі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін бағалайтынын айтты.
"Халықаралық кредиттік рейтингтерде болған соңғы өзгерістер еліміздің фискалдық, қаржылық тұрақтылығын айғақтайды. Бізде Ұлттық қор түріндегі қомақты валюталық резервтер және алтын-валюта резервтері бар. Олардың көлемі қазірдің өзінде 100 млрд доллардан асты және бұл инвестицияны белсенді тартуға мүмкіндік беретін қаржылық қауіпсіздік жастығы болып табылады.
Біз Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын қабылдадық. Онда мемлекеттік қарыз, тұтастай алғанда, елдің жалпы ішкі өнімінің 32%-нан аспауы керектігі жөнінде шектеулер жазылған. Қазір бұл көрсеткіш шамамен 23%-ды құрап отыр, яғни бұл мемлекеттік қарыздың көлемі бойынша жеткілікті қауіпсіз әрі қолайлы деңгейде екенімізді білдіреді".
Сондай-ақ Нұрлан Байбазаров бұл қарызды инвестиция ретінде қарастыру керектігін, осы инвестицияларды тарту арқылы жалпы экономиканы дамытуға мүмкіндік беретін активтерді жасайтындығымызды атап өтті.
"Біз жол саламыз, инфрақұрылымға инвестиция саламыз, жаңа өндірісті іске қосамыз. Бұл еліміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін, болашақта экономикалық дамудың берік негізін қалыптастырады".
***********************************************************************
Уровень госдолга Казахстана остается "низким"
Заместитель премьер-министра – министр национальной экономики Нурлан Байбазаров в кулуарах Сената Парламента ответил на вопросы журналистов касательно объема государственного долга.
Вице-премьер рассказал, что Международный валютный фонд, Всемирный банк, международные рейтинговые агентства ежегодно оценивают уровень развития экономики, уровень финансовой устойчивости Казахстана и отмечают стабильно низкий размер государственного долга:
"Последние изменения, которые произошли в международных кредитных рейтингах, свидетельствуют о фискальной, финансовой устойчивости нашей страны. У нас имеются значительные валютные резервы в виде Национального фонда, золотовалютных резервов, размер которых превысил уже больше 100 млрд долларов и это та финансовая подушка безопасности, которая позволяет нам активно привлекать инвестиции.
Мы приняли Концепцию управления государственными финансами. В ней прописаны ограничения - госдолг, в целом, не должен превышать 32% от ВВП страны. Сейчас данный показатель составляет порядка 23%, то есть мы находимся на достаточно безопасном и комфортном уровне по объему государственного долга".
Также Нуралан Байбазаров отметил, что этот долг нужно рассматривать как инвестиции, благодаря привлечению которых создаются активы, позволяющие развивать казахстанскую экономику: "Мы строим дороги, инвестируем в инфраструктуру, запускаем новые производства. Это создает прочную основу для развития экономики в дальнейшем, чтобы обеспечивать экономический рост нашей страны".
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!