Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 дербес кітапхана орнатылды

Автоматты қондырғылардың көмегімен оқырмандар дәстүрлі кітапханаға бармай-ақ кітаптарды таңдап алып.

Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 дербес кітапхана орнатылды

фото: пресс-служба

Алматы қаласы кітапхана саласында инновациялық шешімдерді белсенді енгізуді жалғастыруда. Шаһар әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша мегаполистің қоғамдық орындарында алғаш рет оқырмандарға кітап ұсынатын заманауи автоматтар орнатылды.

Осындай 24 дербес кітапхана тоғыз метро станциясында пайда болды: "Райымбек батыр", "Жібек жолы", "Алмалы", "Абай", "Байқоңыр", "Мұхтар Әуезов", "Алатау", "Сайран" және "Мәскеу", сондай-ақ Медеу және Әуезов аудандарының ХҚКО-тарында, "Спутник", "Атакент", "Азия паркі" сынды сауда орталықтарында, Медеу және Түрксіб аудандарындағы жастар комьюнити орталықтарында және Sail коворкингінде орнатылды.

Автоматты қондырғылардың көмегімен оқырмандар дәстүрлі кітапханаға бармай-ақ кітаптарды таңдап алып, бірнеше күн бойы оқи алады. Оқып болған соң әдебиеттерді 24 аппараттың кез келгеніне немесе қалалық кітапханалар филиалына қайтара алады. Ол үшін оқу билеті болуы керек. Егер ол болмаса, сіз тіркеуден өтіп, "Қала оқырмандары клубына қосыла аласыз".

Қажет болған жағдайда әр азамат "Алматы кітапханаларына" қарасты 28 филиалдың бірінен оқырман билетін ала алады, оның үшеуі тәулік бойы жұмыс істейді.

Айта кетерлігі, кітап оқығанды жақсы көретіндер almatylibrary.kz сайтын пайдаланып, қажетті кітаптарды таңдап, тапсырыс беріп, оларды онлайн режимде оқи алады. Берешек пен борышкерлерді автоматты түрде есепке алу үшін қайтару мерзімдерін қадағалау жүйесі енгізілді.

"Біз оқырмандар үшін ең қолайлы жағдай жасап, озық шешімдерді енгізіп жатырмыз. Өткен жылы бірнеше жаңа кітапхана ашылды, бұл жұмыс 2025 жылы да жалғасады. Жалпы, қазір қала тұрғындары үшін әкімдікке қарасты 28 кітапхана және қоғапдық орындарда 24 дербес кітапхана-аппараты жұмыс істеп тұр. Біз қаланың әрбір тұрғыны кітап оқығанын, білімге ұмтылғанын қалаймыз. Бұл үшін кітапханалар тіпті жер астында – метро станцияларында да қолжетімді. Кітапхана саласын дамыту мәселесі қала әкімінің ерекше бақылауында",- деп атап өтті Алматы қаласының Мәдениет басқармасы.

Жалпы, Алматы мәдениет басқармасына қарасты кітапханалардың жұмысы автоматтандырылған. 1,3 миллионнан астам кітапты құрайтын бүкіл кітап қорының бірыңғай есебі құрылды. Қызметкерлер электронды каталог жүргізеді, әдебиеттерді кім қашан алғанын қадағалау жүйесі енгізілген, бұл қызмет көрсетуді едәуір жылдамдатады.

Кітаптар мен олардың қол жетімділігі туралы барлық ақпарат бірыңғай мәліметтер базасында қол жетімді, ал кітап қорын пайдалану статистикасы қызметкерлерге әдебиетке деген сұранысты талдауға көмектеседі.

Айтпақшы, 2024 жылы қалалық кітапханаларға 3 миллионнан астам келу көрсеткіші тіркелген. Қала кітапханаларының 95%-ы жаңғыртылған. Әр кітапханада жиһаз және материалдық-техникалық база жаңартылды, Интернетке қолжетімділік қамтамасыз етілді, сондай-ақ әлемдік стандарттарға сәйкес шешімдер енгізілді.

***********************************************************

Впервые в общественных местах Алматы установлены 24 автономные библиотеки

Алматы продолжает активно внедрять инновационные решения в библиотечную сферу. По поручению акима города Ерболата Досаева в общественных местах мегаполиса впервые установлены современные автоматы для выдачи книг. 24 таких автономных библиотеки появились на девяти станциях метро: "Райымбек батыр", "Жібек жолы", "Алмалы", "Абая", "Байконыр", "Мұхтар Әуезов", "Алатау", "Сайран" и "Москва", а также в ЦОНах Медеуского и Ауэзовского районов, в торговых центрах "Спутник", "Атакент", "Азия Парк", в молодежных комьюнити-центрах Медеуского и Турксибского районов и в коворкинге Sail.

С помощью этих автоматов читатели смогут выбрать и получить книги без необходимости посещать традиционную библиотеку, а также вернуть литературу в любой из 24 автоматов или в филиал городских библиотек. Для этого необходимо иметь читательский билет. Если его нет, можно пройти регистрацию и "вступить в клуб читателей города". При необходимости каждый желающий может получить читательский билет в одном из 28 филиалов "Алматы кітапханалары", три из которых работают круглосуточно. После чего книголюбы могут самостоятельно воспользоваться автоматом, также на сайте almatylibrary.kz отбирать и заказывать необходимые книги, а также резервировать их онлайн. Для автоматического учета задолженности и должников внедрена система отслеживания сроков возврата.

"Мы создаем лучшие условия для читателей. Внедряем самые передовые решения. В прошлом году открыли несколько новых библиотек, это работа будет продолжаться и в 2025 году. В целом, сейчас для горожан доступно 28 библиотек и 24 автономных библиотек-аппаратов, которые выдают книги. Мы хотим, чтобы каждый житель города читал книги, любил читать и был образованным. Для этого библиотеки стали более доступными, в том числе и под землей – на станциях метро. Вопрос развития библиотечной сферы на особом контроле акима города", - отметили в Управлении культуры Алматы.

В целом вся работа библиотек, подведомственных Управлению культуры Алматы, автоматизирована. Сформирован единый учет всего книжного фонда, который составляет более 1,3 миллиона книг. Работники ведут электронный каталог, оперативно отслеживают движение литературы, что значительно ускоряет обслуживание. Вся информация о книгах и их наличии доступна в единой базе данных, а статистика по использованию фондов помогает сотрудникам анализировать востребованность литературы.

К слову, в 2024 году в городских библиотеках было зарегистрировано более 3 миллионов посещений. Отметим, что 95% библиотек города модернизированы. В каждой библиотеке обновлены мебель и материально-техническая база, обеспечен доступ в интернет, а также внедрены решения, соответствующие мировым стандартам.




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости