Алматыда "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында жұмыс жалғасуда
Алматылықтар "Жасыл аула"макциясы аясында тегін көшет ала алады
фото: пресс-служба
"Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы аясында Алматы қаласында қала тұрғындары арасында экологиялық жағдайды жақсарту және экологиялық мәдениетті арттыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Экологиялық іс-шаралар Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының, Полиция департаментінің, бизнес және жұртшылық өкілдерінің күш-жігерін біріктірді.
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінен бастап Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы "Жасыл аула" акциясы аясында өтінімдерді қабылдауды ашты-қала тұрғындары көппәтерлі үйлер мен қоғамдық кеңістіктердің аулаларын көгалдандыру үшін жапырақты ағаштардың көшеттерін тегін ала алады.
Өтінімдерді қабылдау 4 қазанға дейін жалғасады, ал көшеттерді тарату 2024 жылдың 12 және 13 қазанында өтеді. Акция туралы қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының жасыл қорды бақылау және басқару бөліміне +7 771-161-98-50 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Көшеттер 2024 жылы 12-13 қазанда Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Юрий Ким көшесі, 9-үй (ЖШС "Eco Almaty") мекенжайында таратылады. Акцияға қатысқан тұрғындар кейін отырғызылған көшеттердің фотоесебін ұсынуы қажет.
"Жасыл аула" акциясы — Алматы тұрғындарының шаһарды көгалдандыруға, оны одан әрі жасыл әрі жайлы етудің тамаша мүмкіндігі.
"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясындағы жұмыстың негізгі бағыттарының бірі абаттандырудың жаңа ережелері бойынша қалалық объектілерді паспорттау болды. Алматы қаласында 5 590 нысан паспортталуға жатады, оның 342-сі бүгінде рәсімделген. Барлық паспорттау жұмыстары келесі жылдың сәуір айында аяқталады.
Паспорттау іргелес аумақтарды абаттандыру үшін кәсіпкерлер мен басқа да субъектілердің шекаралары мен жауапкершілік аймақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Абаттандыру паспортында абаттандыру мен санитарлық тазалауға қойылатын талаптар көрсетіледі, бірақ үлкен күрделі шығындар қажет емес. Негізгі назар үнемі тазалауға, урналармен қамтамасыз етуге және шағын архитектуралық формалардың дұрыстығын сақтауға аударылады. Шаралар қала тұрғындары үшін жайлы, қауіпсіз және экологиялық жағдай жасауға бағытталған.
"Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы аясында Алматыда тыйым салынған жерлерде қоқыс тастағаны үшін жауапкершілікке тарту жұмыстары күшейтілді. Биыл қыркүйектен бастап жүргізілген мониторингтің нәтижесінде Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымын дамыту басқармасы қоқыс жәшіктерінің толып кетуіне байланысты қосымша жабдықтар мен тазалау ресурстарын қажет ететін 52 учаскені анықтады.
Алматы қаласын көріктендіру ережесіне сәйкес, кәсіпорындар, мекемелер және жеке тұлғалар ірі көлемді қоқысты өздері шығарып, не қоқыс шығаратын ұйымдармен келісімшарт жасасуы керек. Жөндеу жүргізетін немесе ірі көлемді қалдықтар жинақтаған тұрғындар қоқысты шығару үшін мамандандырылған ұйымдарға ақылы түрде жүгінуі немесе оны өздері Алматы облысының Іле (Алматы – Өскемен тас жолы, 34/1 https://go.2gis.com/5wg4xn) және Қарасай (Әйтей ауылы, 144-ші есептік квартал, 4690 https://2gis.kz/almaty/geo/70000001051600536) аудандарындағы полигондарға апаруы керек.
Қаладағы санитарлық және эстетикалық жағдайды жақсарту мақсатында 2024-2025 жылдары Алматыда 786 контейнерді ауыстырып, қосымша 2 мыңнан астам тереңдетіле көмілген жаңа контейнер орнату жоспарланып отыр.
***********************************************
В Алматы продолжаются работы в рамках программы "Таза Казахстан"
В рамках республиканской программы «Таза Казахстан» в городе Алматы проводится масштабная работа по улучшению экологической обстановки и повышению экологической культуры среди горожан. Экологические мероприятия объединили усилия Управления экологии и окружающей среды города Алматы, Департамента полиции, представителей бизнеса и общественности.
С 23 сентября т.г. Управление экологии и окружающей среды города Алматы открыло прием заявок в рамках акции "Зеленый двор" - жители города смогут бесплатно получить саженцы лиственных деревьев для озеленения дворов многоквартирных домов и общественных пространств. Прием заявок продлится до 4 октября, а раздача саженцев состоится 12 и 13 октября 2024 года. За дополнительной информацией по акции можно обращаться в отдел мониторинга и управления зеленого фонда Управления экологии и окружающей среды города Алматы по телефону: +7 771-161-98-50
Раздача саженцев состоится 12 и 13 октября 2024 года по адресу: г. Алматы, Ауэзовский район, ул. Юрия Кима, дом 9 (ТОО "Eco Almaty"). Горожанам, участвующим в акции, в дальнейшем необходимо предоставить фотоотчет о посадке саженцев.
Акция "Зеленый двор" — это отличная возможность для всех жителей Алматы внести свой вклад в озеленение города и сделать его еще более зеленым и уютным.
Одним из ключевых направлений работы в рамках программы "Таза Казахстан2 стала паспортизация городских объектов по новым Правилам благоустройства. В городе Алматы паспортизации подлежат 5 590 объектов, из которых на сегодня оформлены 342. Все работы по паспортизации будут завершены в апреле следующего года.
Паспортизация дает возможность определить границы и зоны ответственности предпринимателей и других субъектов за благоустройство прилегающих территорий. В паспорте благоустройства будут указаны требования к благоустройству и санитарной очистке, но без необходимости крупных капитальных затрат. Основное внимание уделяется регулярной уборке, обеспечению урнами и поддержанию исправности малых архитектурных форм. Меры направлены на создание комфортной, безопасной и экологичной среды для горожан.
В рамках республиканской программы "Таза Казахстан" в Алматы также усилены работы по привлечению к ответственности за оставление мусора в неположеных местах. По результатам проведенного мониторинга, с начала сентября текущего года Управлением развития коммунальной инфраструктуры города Алматы выявлено 52 участка переполнения урн, требующих дополнительного оборудования и ресурсов для уборки.
Согласно Правилам благоустройства города Алматы, предприятия, учреждения и физические лица должны самостоятельно вывозить крупногабаритный мусор или заключить договор о вывозе с мусоровывозящими организациями. Жители, осуществляющие ремонт или накопившие крупногабаритные отходы, должны обратиться к специализированным организациям для вывоза мусора за плату либо самостоятельно доставить его на полигоны, расположенные в Илийском (трасса Алматы - Усть-Каменогорск, 34/1 https://go.2gis.com/5wg4xn) и Карасайском (с. Айтей, 144-й учетный квартал, 4690 https://2gis.kz/almaty/geo/70000001051600536) районах Алматинской области.
В целях улучшения санитарного и эстетического состояния города в 2024-2025 годах в Алматы планируется замена 786 и установка более 2 тысяч новых контейнеров заглубленного типа.
Мақалаларды оқыңыз:
"Таза Қазақстан" акциясы туралы барлық мақалалар
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!