Алматы облысының киберполицейлері "Antifraud-орталық" нәтижелілігі туралы айтып берді

Құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтарды киберқауіптерден қорғаудың жаңа жолдары туралы айтып, алаяқтық схемаларды жедел анықтауға бағытталған жобаларды ұсынды.

Алматы облысының киберполицейлері "Antifraud-орталық" нәтижелілігі туралы айтып берді

фото: polisia.kz

Алматы облысының киберполицейлері Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шаралар туралы айтып берді.

Құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтарды киберқауіптерден қорғаудың жаңа жолдары туралы айтып, алаяқтық схемаларды жедел анықтауға бағытталған жобаларды ұсынды.

– 22 шілдеде өз жұмысын Ұлттық банкпен және ҚР ІІМ-мен бірлесіп бастаған "Antifraud-орталық" жобасын құру маңызды қадам болды. Орталық алаяқтық операцияларды тиімді анықтау және бұғаттау үшін қаржы ұйымдарын, құқық қорғау органдарын және байланыс операторларын біріктіретін платформа болып табылады.

Орталық іске қосылған сәттен бастап Алматы облысы бойынша 200-ге жуық күдікті операцияға тосқауыл қойылып, жәбірленушілерге бұғатталған қаражатты қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деп атап өтті Алматы облысы ПД КПБ бастығының м.а. Нұржан Кеңесханұлы.

Жыл басынан бері өңірде 1136 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді, ал жәбірленушілерге 40 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Брифинг киберқылмыспен күресудің әртүрлі аспектілері бойынша сұрақтар қойған журналистердің үлкен қызығушылығын тудырды. Құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтардың қаражатын қорғауға және цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған шаралар туралы өзекті ақпаратпен бөлісіп, жан-жақты жауаптар берді.

*************************************************************************************

Киберполицейские Алматинской области рассказали о результативности "Аntifraud-центра"

О комплексных мерах по противодействию интернет-мошенничеству рассказали киберполицейские Алматинской области на брифинге, прошедшем на площадке региональной службы коммуникаций.

Представители правоохранительных органов рассказали о новых шагах по защите граждан от киберугроз и представили проекты, направленные на оперативное выявление мошеннических схем.

– Важным шагом стало создание "Antifraud-центра" – проекта, разработанного совместно с Национальным банком и МВД РК, который начал свою работу 22 июля. Центр представляет собой платформу, объединяющую финансовые организации, правоохранительные органы и операторов связи для эффективного выявления и блокировки мошеннических операций.

С момента запуска центра по Алматинской области заблокировано порядка 200 подозрительных операций, и ведется работа по возврату потерпевшим заблокированных средств, – отметил в своем выступлении и.о. начальника УКП ДП Алматинской области Нуржан Кенесханулы.

С начала года в регионе зафиксировано 1136 фактов интернет-мошенничеств, а потерпевшим возвращено более 40 миллионов тенге.

Брифинг вызвал большой интерес у журналистов, которые задавали вопросы по различным аспектам борьбы с киберпреступностью. Представители правоохранительных органов дали исчерпывающие ответы, предоставив актуальную информацию о мерах, направленных на защиту финансовых средств граждан и повышение безопасности в цифровом пространстве.


Риддер: шығыстың маржаны

Қазақстан Араб мемлекеттері лигасы саммитіне қатысты




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости