Мейірімділік жаса, сонда мейірім көресің!

Жануарларға гуманистік көзқарас, жануарлар құқын қорғау деген мәселені біздің қоғам көбіне қаладағы қаңғыбас иттер пен мысықтарды қорғау деп қабылдайды.

Мейірімділік жаса, сонда мейірім көресің!

Тіпті google-дан терсеңіз де алдымен осы үй жануарларын қорғайтын ақпараттар мен суреттер толып шығады, одан кейін жабайы аң-құстарды қорғауға қатысты дүниелерді кездестіреміз. Себебі бұл бағытта мемлекеттен де, қоғамнан да қыруар қаржылар бөлініп, арнайы топтар мен ұйымдар құрылып, ақпараттық «шумдар» жасалып, жобалар жүргізіліп жатыр.

Ал өзіміз қолда ұстап, өнімін алып отырған ауыл шаруашылығы жануарларының жағдайын, мал иелерінің жауапсыздығынан қорғау мәселесі көпшіліктің қаперіне де кіріп-шықпайды. Өйткені біздің күнделікті малды бағып-қағу жұмыстарымыз, басқа тәсіл-баламасы жоқ, өзгертуге болмайтын қалыпты дәстүр сияқты қабылданып кетекен.

Дінімізде тек адамдарға ғана емес, жан-жануар, жəндік атаулыға қатысты мұсылманның міндеттері бар. Жануарды қинау мұсылман болмаған азаматты азаптаудан да үлкен күнә делінген.

Мысалы, саумал мен қымызды жұрттың бәрі тамсанып ішеді, ал малдың төлі – құлындардың желіде қаңтарылып, күннің астында, желдің өтінде, таңнан кешке дейін басын жерден 50 см-ден жоғары көтере алмай, қиналып тұратыны жұрттың жанына батпайды. Төлдің көктемнен күзге дейін, енесінен суалғанша көретін күні осы. Бала кезден көз үйреніп кеткендіктен, қалыпты жағдай ретінде қабылдана береді. Бұдан келетін зардапты тізбелеп айтпай-ақ қояйық. Осылайша малдың сапасын құртамыз да, шетелден қыруар ақшаға сапалы мал тасып шығандаламыз.

Технология дамыған уақытта дәстүрімізді сақтай отырып, әлемде болып жатқан инновациялық процестерді қабылдайтын мезгіл жетті.

Мысалы құлынды желіде байламай-ақ «жылжымалы жайылым» әдісімен де бие саууға болады. Мұнда құлын, бұзау, бота сияқты малдың төлі таза ауада, еркіндікте байлаусыз өседі. Оған қоса ішінде автопоилка, суы-жемі барлығы бар. Төбесінен көлеңкелі шатыр, жан-жағынан жауын-шашын, ыстық пен суық желден қорғайтын жиналмалы қорғаныш перделері бар. Көлеңкеде тұру немесе күн көзіне шығуды малдың өзі таңдайды. Төлдің ұжымдық (табын, үйір) инстинкті қалыптастады. Белгісіз жаққа ауып, жоғалып кетпейді, ит-құстан келетін қауіп жоқ. Енелері маңайында жайылып жүреді.

Күніне екі-үш рет манежді жылжытып, жайлым ауыстырып отырасыз. Жер учаскеңізді үнемдеп, жоспарлы түрде пайдаланасыз. Участок территориясына түгел жайылып келгенше, бірнеше күн ішінде бастапқы жайылып кеткен жердің шөбі жайқалып өсіп тұрады. Төл бағуға қосымша адам жалдамайсыз, малдың тезегін тазалау қажет емес. Ол органикалық қалдық ретінде жерді тыңайта береді. Мұны құрастырып, қайта жинауға не бары 30 минут жеткілікті. Бір қондырғы 10 бас төлге арналған. Қосымша ешкі немесе қой сияқты аздаған ұсақ мал ұстауға да ыңғайлы.

Бұл бір ғана мысал. Бірақ осы сияқты ауыл шаруашылығы жануарларын қорғауға бағытталған 100 шақты нақты кейс, мысалдарымыз бар. Ол өзіміз ойлап тапқан, отындық және әлемдік жаңа үлгілер. Біз жануарларға көмектесе отырып амадардар өмірін жеңілдететін 100 нақты технологиялар мен техникаларды, құрылығылар мен қондырғыларды, лайфхактарды жинақтап мал ұстайтын ауылдағы ағайындарға, фермерлерге көрсетіп түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл гранттық шара үкіметтің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қол­дау орталығының қатысуымен іске асырылатын «Қазақ­станның ҮЕҰ арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталан­дыру және танымал ету» республикалық жобасы аясында жүзеге асып отыр.

Мақсат – бұл мәселеге қоғамның назарын аудару және әлеуметтік белсенділікті арттыру, ауыл шаруашылығы жануарларына ізгілікті көзқарасты насихаттау. Қатыгез қарым-қатынастың алдын алу және жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Мейірімділік жаса, сонда мейірім көресің!

Мейірімділік жаса, сонда мейірім көресің!

Мейірімділік жаса, сонда мейірім көресің!

Айдос Аманкелдіұлы


Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости