CRONOS Central Asia

"Ақ жол" партиясы Жаңа Конституция жобасын қолдады

Горячие новости04.02.2026, 18:55

Ақ жол партиясының Ұлттық кеңесі Жаңа Конституция жобасын қолдап, редакциялық ұсыныстар енгізді.

Ақ жол партиясы Жаңа Конституция жобасын қолдады
Фото: Ақ жол

«Ақ жол» Демократиялық партиясының орталық кеңсесінде Ұлттық кеңестің кезекті пленарлық отырысы өтті. Жиында партияның Парламенттегі фракциясы ұсынған Жаңа Конституция жобасын қолдау туралы бастама қаралды.

Партия төрағасы Азат Перуашев 2025 жылғы қыркүйек айынан бастап Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобы мен кейін құрылған Конституциялық комиссия аясында атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат берді. Ал Конституция жобасының негізгі тұстарын партия фракциясының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева таныстырды.

Талқылау барысында партия басшысының орынбасары, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев, парламенттік фракция аппаратының жетекшісі Берік Дүйсембинов, партияның Астана қалалық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты Асқар Смағұлов, Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат комиссиясының басшысы Бауыржан Сандыбаев, Алматы облыстық филиалының жетекшісі Мейраш Шынасилова, Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ермек Әбілдин, Ақмола облыстық филиалының басшысы, облыстық мәслихат комиссиясының төрағасы Саят Сыздықов, Жетісу облыстық филиалының жетекшісі, облыстық мәслихат комиссиясының төрағасы Ермек Егінбаев және өзге де партия мүшелері сөз алды.

Қатысушылар өз тәжірибелеріне сүйене отырып, қабылданып жатқан шешімдердің негізділігін атап өтті. Атап айтқанда, «Парламенттік оппозиция туралы» заң жобасын ілгерілету, Сенатты тарату мәселесіне қатысты ұзақ жылдар бойы жүргізілген пікірталастар, сондай-ақ партиялық тізімдер арқылы сайлаудың артықшылықтары сияқты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар, қоғамда қызу талқыланып жатқан конституциялық реформаларға байланысты өз ұстанымдарын білдірді.

Отырыстың қорытындысы бойынша Ұлттық кеңес мүшелері Жаңа Конституция жобасын бірауыздан қолдап, құжаттың мәтініне қатысты бірқатар редакциялық ұсыныстар енгізу жөнінде шешім қабылдады. Бұл ұсыныстар Конституциялық комиссияның хатшылығына жолданатын болады.

2026 жылғы 4 ақпан, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Перепечатка и (или) переопубликация материалов сайта без письменного разрешения редакции запрещены. При разрешенном использовании обязательна гиперссылка на соответствующую статью на сайте cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!