Короновируспен ауырып шыққан адамға вакцина салдыру қажет пе?
Әлемде короновирус жұқтырған, тіпті, бірнеше мәрте ауырған адам көп. Олардың кейбірі екпе алуды жөн көрсе, енді бірі ой үстінде жүр. Ауырғаннан кейін, екпені қай уақытта алған жөн? CA Cronos барынша анықтап көрді.
Ауруларды бақылау және алдын алу бойынша әлемдегі жетекші институттар КВИ инфекциясынан сауығып кеткен адамдарға вакцинация қажет екендігіне күмән келтірмейді. Тек «вакцинациялау орталықтарына қашан бару керек?» деген сауалдың жауабында сәйкессіздіктер бар.
Қазақстанның медициналық мекемелері ел тұрғындарын вакцинациялау мәселесі бойынша жаңартылған ұсыныстар алды. Олардың арасында коронавирустық инфекциямен ауырған адамдарды вакцинациялау және елде тіркелген төрт вакцинаның біреуінің екі компонентін - QazVac, Sputnik V, Hayat -Vax және CoronaVac алған азаматтарды қайта егу бойынша пункттер бар. Жаңартылған ережелерге сәйкес, коронавируспен ауырған ел тұрғындары 3 айдан кейін вакцинациялау пункттеріне келуге шақырылады.
Халықты вакцинациялау хаттамаларына өзгерістер енгізу себебі елде байқалған эпидемиологиялық жағдайға тікелей байланысты. Біріншіден, отандық мамандар елдегі ауру жұқтырған тұрғындарды анықтау мақсатында жүргізілетін ПТР тестінің оң нәтижелерінің санының өсуін тіркеуді жалғастыруда. Өткен аптаның өзінде SARS-CoV-2 вирусы күн сайын орта есеппен 7662 адамнан анықталды. Бұл тек дәрігер көмегіне жүгінгендер. Екіншіден, сауығып кеткендердің саны да артып келеді. Ресми мәліметтер бойынша, тек соңғы бір аптаның ішінде 37 мыңнан астам адамнан «жұқтырған» мәртебесі алынып тасталды. Сонымен қатар, олардың едәуір бөлігінің вакцинация туралы ойы өзгерген.
Кох институты не дейді?
Ауруларды бақылау және алдын алу саласындағы әлемдегі жетекші институттар КВИ-ден айыққаннан кейін вакцинациялау қажеттілігі туралы айтады, өйткені коронавирустық инфекцияның келесі толқыны қазір әлемнің барлық дерлік елдерін қамтыды. Ескеретін бір жайт, бұл мекемелер шығаратын хаттамалар көбінесе қазақстандық емханалар алған ұсынымдардан айтарлықтай ерекшеленеді. Мысалы, Германияның Денсаулық сақтау министрлігінің негізгі портфолиосына кіретін Роберт Кох институты 29 шілдедегі вакцинация туралы түсіндірмесінде SARS-CoV-2 вирусын жұқтырған адам 6 айдан кейін вакцина алуы қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, Кох институты Германияда ресми тіркелген вакциналардың кез келгенінің бірінші компоненті ғана жеткілікті деп есептейді.
«Қазіргі уақытта COVID-19-ға қарсы екінші вакцинацияның қай уақытта қажет болатынын нақты айту мүмкін емес. Иммунитеті әлсіреген адамдар үшін вакцинаның бір дозасы жеткілікті ме, әлде вакцинацияның толық сериясын беру керек пе, әр жағдайда жеке шешілуі тиіс. Көп нәрсе иммунитет тапшылығының түрі мен дәрежесіне байланысты. Диагноз қойылғаннан бері 6 айдан астам уақыт өтсе де, вакцинаның бір дозасы жеткілікті», - деп Роберт Кох атындағы Германия Федералды Институтының ресми ұсынысында атап көрсетілді.
Швейцариялық стратегия
Дәл осындай ұстаным ДДҰ ұсынымдарына сүйене отырып, «Швейцария стратегиясы - Коронавирусты тоқтату» 2021 жылдың 5 шілдесінде жаңартылған Швейцарияның қоғамдық денсаулық сақтау федералды кеңсесінде де сақталған. Онда әлемнің 20 тілінде (орыс тілін қосқанда) ПТР немесе экспресс антигендік тест көмегімен коронавирустың жоқтығын растаған COVID-19-дан сауығып шыққан адамдарға 6 айдан кейін вакцинациялауға болатындығы көрсетілген.
«Бұл адамдар вакцинаның тек бір дозасын алады, себебі инфекция иммундық жүйеге вакцинаның бірінші дозасы сияқты әсер етеді. Демек, вакцинаның бір дозасы COVID-19-дан емделгеннен кейін қорғанысты күшейту мен ұзарту үшін жеткілікті. 6 ай - бұл ұсыныс. Әр адам ауру белгілері жойылғаннан кейін де екпені ала берсе болады»,- деп “швейцариялық стратегияда”атап көрсетіп, жағдайға байланысты ерекшеліктер болатынын басып айтқан.
Атап айтқанда, біз, мысалы, созылмалы жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар туралы айтып отырмыз. Оларға вакцинаның бірінші компонентімен ғана 3 айдан кейін екпе алу ұсынылады. Иммундық жүйесі әлсіреген Швейцария тұрғындары үшін Федералдық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тіркелген вакциналардың кез келгенімен үш айдан кейін, екі дозаның арасына 4 апта уақыт салып вакцинациялауды ұсынады.
АҚШ 6 ай күтуді ұсынбайды
Сірә, Қазақстандағы медициналық мекемелерге жасалған ұсынымдар 2021 жылы 16 шілдеде АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының ресми сайтында көрсетілген «COVID-19 және SARS-CoV-2 инфекциясына қарсы вакцинация» бөліміндегі жаңартылған құжатқа негізделген. Ол вакцинация мен ревакцинацияға адам КВИ-ден толық айыққаннан кейін ғана рұқсат етілетінін және оны антидене сынағы болған жағдайда 90 күннен ерте жүргізуге болатынын атап көрсетеді.
«Бұл ұсыныс вакцинаның кез келген дозасын қабылдағанға дейін SARS-CoV-2 инфекциясын жұқтырған адамдарға және mRNA вакцинасының бірінші дозасын алып, бірақ екінші дозаны қабылдағанға дейін SARS-CoV-2 жұқтырған адамдарға қатысты қолданылады. Инфекция мен вакцинация арасында ұсынылатын минималды аралық болмаса да, алғашқы инфекциядан кейін бірнеше ай ішінде SARS-CoV-2 инфекциясын қайта жұқтыру қаупі төмен, бірақ иммунитеттің әлсіреуіне байланысты уақыт өте келе ұлғаюы мүмкін екендігінің дәлелі бар» -деп
Американдық ауруларды бақылау және алдын алу орталығының құжатында көрсетілген.
ҚР Денсаулық сақтау министрі түзетулер енгізуге рұқсат береді
Айта кету керек, жақын арада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елдегі короновируспен ауырған тұрғындарға арнап екпе егу ережесіне тағы бір өзгеріс енгізуге рұқсат бермек. Емдеуші дәрігерлердің мәліметтері бойынша, олар екпені 3 айдан кейін екі компонент арасына 21 күн салып енгізуді қарастырады.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой CA Cronos-қа берген сұхбатында, ревакцинация стандарттары әзірленіп жатса, өндірушілерден ұсыныстар күтілетінін, ауырғаннан кейінгі екпе алу ережесі ғылыми зерттеулерге сүйене отырып жүргізілетінін атап өтті.
«Вакцинаны қайта енгізуді қамтитын жүйелі түрде жүргізілетін «жоспарлы» вакцинация бар, сондай-ақ, пандемияның өршіген тұсында ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында қолданылатын «шұғыл» вакцинация бар. Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, «Шұғыл» вакцинациясы үшін бір реттік компонент те жеткілікті көрінеді. Ал «жоспарлы» - екеуін де қамтиды. Короновируспен ауырып шыққан адамдарға 3 ай өткен соң екпе алуды ұсынудағы басты себеп – инфекцияны қайта жұқтыру қауіпі бар және екпе соның алдын алуға көмектеседі» - деп cronos.asia сайтына берген сұхбатында ҚР Денсаулық сақтау министрі екпе алу мәселесіне байланысты әлі де түзетулер енгізілуі мүмкін екенін басып айтты.
Сонымен қатар, қазіргі жағдайда COVID-19-дан сауығып кеткен адамдарға екпе салудың да, толық вакцинацияланған азаматтарға қайта екпе алудың да қажеттілігін Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Халқының 50%-дан астамы епе алған бұл елдің денсаулық сақтау басқармасы ресми сайтының арнайы ашылған бөлімінде, ел қалыпты өмірге оралуы үшін вакцинация балаларға 12 жастан бастап жүргізілуі тиіс деп мәлімдеген. Израильдегі медицина өте жоғары деңгейде екендігі баршаға мәлім, сондықтан да бұл ел эпидемия жағдайында не істеу керек екендігін жақсы біледі.
Central Asia Cronos Telegram-арнасына жазылып, маңызды ақпаратты бірінші болып біліңіз!
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!