Cronos Asia

Тәуелсіз Қазақстан тарихы: президенттік институт

Тәуелсіз Қазақстан тарихы: президенттік институт

Шын мәнісінде мемлекетті басқарудың күрделігі ол мемлекеттің енді ғана тәуелсіздік алған кезінде өте қиын болатындығы анық. Дегенімен, осы сериядағы кітаптарды оқи келе ортақ бір суретті көруге болады, ол Қазақстанның өзінің 32-ші Тәуелсіз мемлекет ретіндегі тарихына аяқ басу кезінде көптеген қиындықтар, белестер мен тартыстарға түскенін, осы жолда талай адамдардың еңбек етіп, талай адамның осы мемлекетті қалыптастыру кезінде өмірден өткендігін көруге болады. Ал сол тарихи кезеңдерде болған оқиғаларды білу мен көру үшін автордың кітабін және осы сериядағы барлық кітаптардың маңызды екендігін айта аламын.

Кітапта автор Қазақстанның президенттік институтының қалыптасуы мен дамуы туралы айтқан. Кітап тақырыбының өзектілігі қазіргі кезде мемлекетіміз тәуелсіздік алғанына отыз екі жыл толғанда, арттағы өткен жолымызда, мемлекетті құру кезінде алдымыздан шыққан қиындықтарға, тарихтың жаңа беттерін жасауға барлық күшін-жігерін жұмсаған ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріне, қазіргі кездегі Әділетті Қазақстанның Президенті Қ.К.Тоқаевтың елі үшін төккен теріне және Қазақстанның барша халқының еңбегін саралау қажеттігі туындады. Осындай жолда жасалған еңбектің ауқымы мен маңызын түсіну үшін барлық қазақстандықтар мен қазақстан мәдениеті, саясатын зерттеушілерге осы кітапты оқудың маңыздылығын атап өтетін едім.

Кітап толықтай тарихи деректерге, ақпараттарға толы. Ал осы ақпараттар мен деректер өзінің жүйелі жазылуымен және ғылыми тілде түсінікті айтылуымен ерекшеленеді. Мені бұл кітапта барлық тараулар мен бөлімдер қызықтырды, ал ғылым жолына түскен жас ретінде кітапты жазу кезіндегі автордың ғылыми әдебиеттерді қолдануы ұнады. Осыған қарап автордың жазу мәнерінің ерекше екендігін айтқым келеді, кітапта оқиғалар баяндау мәнерінде жазылған, дегенімен автордың кейбір ойлары мен орынды қолданған әдебиеттеріне қарап ғылыми мәннің де бар екендігін сезінуге болады.

Айта кетелік, кітапта автор Н.Ә.Назарбаев пен Қ.-Ж. Тоқаевтың өмір баяндарын, олардың әдеби шығарламалары мен ғылыми жұмыстары, алған марапаттары туралы толық жазып қалдырған. Осылай бұл кітаптан ҚР Президенттерінің еліміз үшін жасаған жұмыстарын, саяси бағыттары мен қиындыққа төтеп беру күштері мен олардың өмірлері туралы толықтай ақпараттар алуға болады.

Қорыта келе, Айман Жүсіпованың «Тәуелсіз Қазақстан тарихы: президенттік институты» атты кітабы Қазақстан Республикасының барлық азаматтары оқуы керек деген ойдамын. Себебі осы кітап арқылы Тұңғыш Президент пен Қ.-Ж. Тоқаевтың Қазақстан үшін жасаған жұмыстарының ауқымы мен маңыздылығын түсінуге болады. Ұсынысты ЖОО оқытушыларына, студенттеріне, ЖББ мектептердің ұстаздары мен оқушыларына аталған кітаптың мемлекеттік саясат пен президенттік басқару жүйесі туралы, ҚР президенттерінің атқарған жұмыстары туралы көп ақпараттар беретіндіктен оқуларын ұсынамын. Осындай ұсыныстың себебін осы кітаптан алған білімдерінің мемлекеттің тарихи тірегі мен мызғымастығын бекітуде маңызды екендігін айтар едім.

Ainur Bakytzhanova


Тақырып бойынша материалдар:

Рүстем Құрманғожин кітабына пікір


Наши новости читайте на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Exit mobile version