Жолаушылар вагондарындағы стоп-кранды пайдалану ережелері

Стоп-кранды тек шұғыл жағдайларда қолдану қажет.

Жолаушылар вагондарындағы стоп-кранды пайдалану ережелері

фото: пресс-служба

"Жолаушылар тасымалы" АҚ теміржол көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыс тәртібін бұзудың алдын алу мақсатында жолаушыларға вагондардағы стоп-кранды дұрыс пайдалану ережелерін ескертеді.

Стоп-кранды тек төтенше жағдайларда — жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенде немесе қозғалыс қауіпсіздігіне қатер туындағанда ғана қолдануға болады. Оны жеке мақсатта немесе негізсіз пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес, стоп-кранды негізсіз қолданған жағдайда бес айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады.

Стоп-кранды іске қосқан соң, жолаушы бұл туралы дереу жолсерікке немесе пойыз бригадасының мүшелеріне хабарлап, себептерін түсіндіруге міндетті.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ төтенше тежеудің пойыз қозғалысы кестесінің бұзылуына және қосымша қауіптерге әкелетінін ескертеді. Сондықтан стоп-кранды тек шұғыл жағдайларда қолдану қажет.

**************************************************************************************

Как правильно использовать стоп-кран?

Стоп-кран предназначен исключительно для экстренного торможения в ситуациях, когда возникает угроза жизни или здоровью пассажиров либо безопасность движения находится под угрозой. Его использование в личных целях или без необходимости строго запрещено.

Согласно Кодексу Республики Казахстан об административных правонарушениях, за необоснованное использование стоп-крана предусмотрен штраф в размере пяти месячных расчетных показателей.

После активации стоп-крана пассажир обязан незамедлительно сообщить об этом проводнику или членам поездной бригады и объяснить причину.

АО "Пассажирские перевозки" напоминает, что экстренное торможение может повлиять на график движения поездов и создать дополнительные риски. Поэтому стоп-кран следует использовать исключительно в чрезвычайных ситуациях.




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости