Субұрқақты өз бетінше жаңартқаны үшін "Қазақстан" қонақ үйі иесіне сотқа талап арыз берілді
"Қазақстан" қонақ үйінің субұрқағын жөндеу жұмыстары тоқтатылды: меншік иесі жауапкершілікке тартылады.
Фото: Фонтан у гостиницы "Казахстан" в Алматы/Cronos.Asia
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, "Қазақстан" қонақ үйінің жанындағы субұрқақты қайта жаңарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары рұқсатсыз жүргізілді.
"Нысанда жұмыс тоқтатылды, "Crown Star" ЖШС меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1, 321-бөлігі бойынша шаралар қабылданды. Бүгінде басқарма ұйғарымды мәжбүрлі орындау үшін сотқа талап арыз береді", - делінген ведомство хабарламасында.
Алматы қаласы мәдениет басқармасының хабарлауынша, қонақ үйдің жанында көрсетілген субұрқақ ескерткіш болып табылмайды, алайда ол күзет аймағының аумағында орналасқан:
"Қазақстан" қонақ үйінің ғимараты Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы қаулысына сәйкес, Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді. Осыған байланысты, нысан аумағында қандай да бір құрылыс немесе жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін меншік иесіне тиісті ғылыми-жобалау құжаттамасын дайындау және ғылыми-реставрациялау жұмыстар жүргізу қажеттілігін негіздеу қажет. Алайда бұл орындалмады, ғимараттың иесі басқармаға жүгінбеді».
Биыл сәуірде Мәдениет басқармасының қызметкерлері шағым түскен нысанды тексеріп, "Crown Star" ЖШС қонақ үй иесінен күзет аймағының аумағында құрылыс жұмыстарын тоқтатуды және бұзушылықтарды жоюды талап етті. Бұған қоса, 2024 жылы 24 мамырда Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасына қонақ үй иесін жауапкершілікке тарту туралы сұрау жіберілді.
**********************************
За самовольную реконструкцию фонтана на собственника гостиницы "Казахстан" подан иск в суд
Работы на фонтане гостиницы "Казахстан" приостановлены: собственник будет привлечен к ответственности. По данным Управления градостроительного контроля г. Алматы, строительно-монтажные работы по реконструкции фонтана у гостиницы "Казахстан", проводились без разрешительных документов.
"Работы на объекте приостановлены, в отношении собственника ТОО "Crown Star" в результате внеплановой проверки приняты меры по ст. 316 ч. 1, 321 КоАП РК с выдачей предписания на устранение нарушений. На сегодняшний день управлением инициируется иск в суд на принудительное исполнение предписания", - уточнили в ведомстве.
Как уточнили в Управлении культуры г. Алматы, указанный фонтан рядом с гостиницей не является частью памятника, однако находится на территории охранной зоны:
"Здание гостиницы "Казахстан" в соответствии с постановлением акимата города Алматы от 17 марта 2021 года внесено в Государственный список памятников истории и культуры местного значения города Алматы. В связи с этим, для проведения каких-либо строительных или реконструкционных работ на территории объекта, собственнику необходимо было подготовить соответствующую научно-проектную документацию и обосновать необходимость проведения научно-реставрационной работы. Однако, этого не было сделано, собственник здания в управление не обращался".
В апреле текущего года сотрудники Управления культуры проверили объект, на который поступили жалобы, и потребовали от собственника гостиницы ТОО "Crown Star" прекратить строительные работы на территории охранной зоны и устранить нарушения. Кроме того, 24 мая 2024 года в прокуратуру Медеуского района г. Алматы направлен запрос об оказании содействия в привлечении к ответственности собственника гостиницы.
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!