Акцизделетін өнімдердің (алкоголь өнімдері) көлеңкелі айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен дөңгелек үстел барысында талқыланды.
Шараға Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері, мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің, сондай-ақ "Атамекен" ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов пен ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров, "Қазалкотабак" және "QazSpirits" қауымдастықтарының өкілдері қатысты.
Осылайша, Қаржылық мониторинг агенттігі соңғы 4 жылда (2021-2024 жж.) алкоголь өнімінің заңсыз айналымына байланысты 282 қылмысты тіркеді.
Суррогат алкоголь өндіретін 123 жасырын цех анықталып, 3,3 млн-нан астам бөтелке, 720 мың литр спирт және құрамында спирті бар сұйықтық, 640 мың жалған ЕБМ тәркіленді.
Нәтижесінде, қауіпті өнім тұтынушыларға қауіп төндіріп, бюджетке акциздік алымдардың түспей, адал кәсіпкерлерге зиян келтіріледі.
Алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымына қарсы тұруға бағытталған ҚМА ұсынатын шаралардың бірі - 2026 жылға жоспарланған таңбалау мен қадағалауды енгізуді жеделдету, сондай-ақ бүкіл өндіріс процесін цифрландыру болып табылады.
Шақырылған қатысушылар Агенттіктің адал кәсіпкерлерді қорғау бойынша атқарылған жұмыстарды, сондай-ақ талдамалық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын алдын алу қызметін атап өтіп, айтылған ұсыныстарды одан әрі іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар көлеңкелі экономикадағы акцизделетін өнім айналымына қарсы іс-қимыл жасау мақсатында барлық мүдделі тараптардың қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады.
*************************************************************************
АФМ и НПП "Атамекен" усилят борьбу с теневым оборотом подакцизной продукции
Вопросы противодействия теневому обороту подакцизной продукции (алкогольных изделий) обсудили участники круглого стола, прошедшего в АФМ с участием представителей Министерств финансов и национальной экономики, Комитета госдоходов, а также председателя президиума НПП "Атамекен" Райымбека Баталова и уполномоченного по защите прав предпринимателей РК Каната Нурова, ассоциаций "КазАлкоТабак" и QazSpirits.
Так, Агентством по финансовому мониторингу за последние 4 года (2021-2024гг.) зарегистрировано 282 преступления, связанных с незаконным оборотом алкогольной продукции.
Ликвидировано 123 подпольных цеха по производству суррогатного алкоголя. Изъято более 3,3 млн бутылок алкогольной продукции, 720 тыс. литров спирта и спиртосодержащей жидкости, 640 тыс. поддельных УКМ.
В результате, ущерб наносится не только населению в виде опасной для потребления продукции, но и бюджету в виде недопоступления акцизных сборов и, следовательно, добросовестным предпринимателям.
Одной из мер, предлагаемых Агентством по финансовому мониторингу, направленных на противодействие теневому обороту алкогольной продукции, является ускорение внедрения маркировки и прослеживаемости товаров, которая запланирована на 2026 год, а также и цифровизация всего процесса производства.
Приглашенные участники отметили проделанную АФМ работу по защите добросовестных предпринимателей, а также осуществляемую превентивную деятельность с использованием аналитических инструментов и выразили заинтересованность в дальнейшей реализации озвученных предложений.
В завершение участниками круглого стола принято решение о создании Межведомственной рабочей группы с участием всех заинтересованных сторон с целью противодействия теневой экономике в сфере оборота подакцизной продукции.