Қазақстандықтар тұрғын үй сертификаттарын eGov.kz порталынан ала алады

Сертификат ҚР Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алынған жағдайда беріледі.

Қазақстандықтар тұрғын үй сертификаттарын eGov.kz порталынан ала алады

Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаты тұрғын үйге мұқтаж және табыс деңгейі жеткіліксіз отбасыларға беріледі. Сертификат алуға арналған тиісті онлайн-қызмет eGov.kz порталында қолжетімді болды.

Сертификат ҚР Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алынған жағдайда беріледі. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесін жергілікті атқарушы органдар айқындайды.

Тұрғын үй сертификаты келесі жағдайларда әлеуметтік көмек ретінде ұсынылады:

  • өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы мен кәмелетке толмаған балаларының) соңғы 6 айдағы орташа табысы еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен белгіленген шектен аспаса;
  • орташа табыс зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да міндетті аударымдарды есепке алмайды;
  • 23 жасқа дейінгі білім беру мекемелерінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалар қарауға енгізіледі.

Тұрғын үй сертификатын онлайн алу үшін пайдаланушыға:

  • eGov.kz порталына кіріп және "Жылжымайтын мүлік" - "Тұрғын үй қатынастары" бөліміне өту қажет;
  • "Тұрғын үй сертификаттарын беру" тізімінен таңдап, қажетті жолдарды толтыру керек;
  • ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою қажет;
  • қызмет нәтижесімен https://kezekte.kz/ сайтына Жеке кабинетте танысуға болады.

Жаңа қызмет өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ынтымақтастығымен іске асырылды.

*************************************************

Получить жилищные сертификаты могут казахстанцы на портале eGov.kz

Жилищный сертификат для покрытия части первоначального взноса по ипотечным жилищным займам выдаются семьям, нуждающимся в жилье и имеющим недостаточный уровень дохода. Соответствующая онлайн-услуга на получение сертификата стала доступна на портале электронного правительства eGov.kz.

Сертификат выдается при условии приобретения жилья по ипотечной программе, утвержденной Национальным банком РК или государственной программе жилищного строительства. Размер и перечень категорий получателей жилищных сертификатов определяется местными исполнительными органами.

Жилищный сертификат предоставляется как социальная помощь при следующих условиях:

  • у заявителя и постоянно проживающих с ним членов семьи (супруг и несовершеннолетние дети) средний доход за последние 6 месяцев не превышает установленный предел от трудовой и/или предпринимательской деятельности;
  • средний доход не учитывает пенсионные отчисления, индивидуальный подоходный налог и другие обязательные отчисления;
  • в рассмотрение включаются дети, обучающиеся по очной форме в образовательных учреждениях до 23 лет.

 Чтобы получить жилищный сертификат онлайн пользователю необходимо:

  • авторизоваться на портале eGov.kz и перейдите в раздел "Недвижимость – Жилищные отношения";
  • выбрать из перечня "Выдача жилищных сертификатов" и заполните необходимые поля;
  • подписать заявку с помощью ЭЦП;
  • ознакомиться с результатом услуги в Личном кабинете https://kezekte.kz/.

Новая услуга реализована при сотрудничестве Министерства промышленности и строительства, Комитета государственных услуг Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК и АО "Национальные информационные технологии".

 




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости