Қазақстанда республикалық маңызы бар 4,7 мың шақырым жол салынады

Әкімдіктер жергілікті маңызы бар 3,6 мың шақырымнан астам жолды пайдалануға берді.

Қазақстанда республикалық маңызы бар 4,7 мың шақырым жол салынады

фото: freepik.com

2024 жылы құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарының жалпы көлемі 12 мың шақырым жолды құрады. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Жол құрылысы маусымында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңғырту және жөндеу жобаларына 25 мыңнан астам адам мен 10 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды, Cronos.Asia хабарлайды.

7 мың шақырым жолдың құрылысыаяқталды. Атап айтқанда, Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш және Атырау – Астрахан күре жолдарындақұрылыс жұмысы бітті. Жобаларды іске асыру көліктердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге, жол жүру уақытын едәуір қысқартуға, жолдың өткізу қабілетін арттыруға, ел аймақтары арасындағы көлік байланысын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.

Әкімдіктер жергілікті маңызы бар 3,6 мың шақырымнан астам жолды пайдалануға берді. Жөндеу жұмыстарының ең көп көлемі Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Павлодар облыстарында орындалды. Қостанай облысында 655 шақырым жол, Солтүстік Қазақстан облысында 611 шақырым, Шығыс Қазақстан облысында 305 шақырым, Ақтөбе облысында 301 шақырым, Павлодар облысында 272 шақырым жұмыстары аяқталды.

Жол-құрылыс маусымына 200-ден астам отандық компания қатысты. Жол-құрылысына пайдаланылған материалдардың ішінде отандық өнімнің үлесі шамамен 96%-ды құрады. Жүргізілген жұмыстардың арқасында жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы ұлғайып, республика бойынша орта есеппен 89%-ға жетті. Салыстырамалы түрде 2019 жылы бұл көрсеткіш 68% құраған.

Үш ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында Орталық Азиядағы ең ұзын деп танылған  Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір, Түркістан облысындағы Шақпақ баба асуындағы қос жолды тоннел жәнеАлматы облысындағы Шамалған станциясындағы теміржол өткелі бар.

Әр нысанның өз артықшылығы бар. Шығыс Қазақстан облысындағы жалпы ұзындығы 1316 метрді құрайтын Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір жеті ауданды байланыстырады. Көпірді көлікпен өту уақыты 4 минутты құрайды.Түркістан облысындағы жалпы ұзындығы 840 метр құрайтын Шақпақ баба асуы арқылы тоннел қолайсыз ауа райына қарамастан үздіксіз әрі қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз етеді. Жоба "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі. Алматы облысындағы Шамалған станциясындағы өткелдің ұзындығы 6 шақырымды құрайды,  теміржол өткелі көліктердіңқауіпсіз өтуіне мүмкіндік береді.

2024 жылғы құрылыс маусымының қорытындысы бойынша Балқаш, Алакөл, Бөкей-Орда, Алтай, Баянауыл ұлттық паркі және т.б. туристік орындарға дейін көлік қозғалысыашылды.

Қазақстанда жалпы ұзындығы 1100 шақырым құрайтын үш ірі темір жол құрылысы жүзеге асырылуда: "Достық – Мойынты", "Алматы айналма темір жолы" және "Дарбаза – Мақтаарал" бар. Жобаларды жүзеге асыру қазақстандық өнімнің үздіксіз экспорттыкеңейтуге мүмкіндік беріп, елдің транзиттік әлеуетін арттырады. Биыл Достықтан Мойынтыға дейін теміржолдың құрылысы аяқталады. Учаскенің өткізу қабілеті 5 есе артады. Сонымен қатар, биыл Алматыны айналып өтуге мүмкіндік беретін темір жолдың құрылысы аяқталады. Бұл аймақтағы теміржол желілеріне түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді. «Дарбаза-Мақтаарал» жобасы Оңтүстік Қазақстан өңірін халықаралық транзиттік дәліздерге жалғайтын болады.

2024 жылы 1400 шақырым теміржол жөнделіп, 143 вагон  сатып алынды. Бүгінгі таңда осы темір жол жобаларын салу шеңберінде шамамен 2,7 мың жұмыс орны ашылып, 1,4 мыңнан астам техникажұмылдырылды. Теміржол желісін салу және қайта құру ел экономикасының дамуына серпін береді.

Жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырымды құрайтын жаңа жол жобалар кезең-кезеңімен іске асырылады. Оның 3,7 мың шақырымы I санатты, ал қалған 1 мың шақырым II санатты жолдар болады. 2025 жылы құрылысы басталатын жобалар:

• Ақтөбе – Ұлғайсын (234 шақырым),
• Қарағанды – Жезқазған (572 шақырым),
• Сарыағаш қаласының айналма жолы (102 шақырым),
• Қызылорда қаласының айналма жолы (20 шақырым),
• Атырау – Доссор (86 шақырым),
• Рудный қаласының айналма жолы (16,9 шақырым),
• Жаңаөзен – Кендірлі (156 шақырым),
• Петропавл қаласының айналма жолы (8 шақырым).

Бұл бастамаларды жүзеге асыру арқылы жергілікті бизнес пен кәсіпорындар дамиды. 2025 жылы жаңа жол жобаларын іске асыру аясында 31 мың жұмыс орны ашылып, қосымша инвестиция тартылады. Көпжолақты жолдар жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оларды азайтуға ықпал етеді.

Теміржол және автомобиль жолдарын салу менқайта жаңарту іскерлік белсенділікті едәуір жақсартады, медициналық және білім беру мекемелеріне, азық-түлік дүкендеріне, мәдени орталықтарға және т.б. қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, азаматтардың жағдайын жақсартуға бағытталған.

*******************************************************

В Казахстане построят 4,7 тыс. км новых республиканских дорог

В 2024 году общий охват строительства, реконструкции и ремонта составил 12 тыс. км дорог. Это абсолютно рекордный показатель для отрасли. В период дорожно-строительного сезона на проектах по реконструкции и ремонту автомобильных дорог республиканского значения было задействовано более 25 тысяч человек и 10 тыс. спецтехники, cообщает Cronos.Asiа.

Завершены работы на 7 тыс. км дорог. В частности, на участках Караганда - Алматы, Талдыкорган - Усть-Каменогорск, Актобе - Кандыагаш и Атырау - Астрахань. Реализация проектов позволила обеспечить безопасный проезд автотранспорта, значительно сократить время в пути, увеличить пропускную способность дорог, улучшить транспортное сообщение между регионами страны.

Местными исполнительными органами введено в эксплуатацию более 3,6 тыс. км дорог. Наибольший объем ремонтных работ выполнен в Костанайской, Северо-Казахстанской, Восточно-Казахстанской, Актюбинской и Павлодарской областях. В Костанайской области завершены работы на 655 км дорог, в Северо-Казахстанской – на 611 км, в Восточно-Казахстанской – на 305 км, в Актюбинской – на 301 км и в Павлодарской – на 272 км.

В дорожно-строительном сезоне приняли участие более 200 отечественных компаний. Использование дорожно-строительных материалов казахстанского производства составило порядка 96%. Благодаря проведенным работам, доля местных дорог в нормативном состоянии увеличилась и в среднем по республике достигла 89%. Для сравнения, в 2019 году этот показатель составил 68%.

Завершено строительство трех крупных инфраструктурных проектов:
мост через Бухтарминское водохранилище в Восточно-Казахстанской области, самого длинного в Центральной Азии;
- двухпутного тоннеля на перевале Шакпакбаба в Туркестанской области;
- автодорожного путепровода над железной дорогой на станции Шамалган в Алматинской области.

Каждый из объектов является уникальным. Мост через Бухтарминское водохранилище длиной 1316 метров соединяет семь районов Восточно-Казахстанской области, расстояние сокращено на 500 км. Среднее время прохождения по мосту составляет до 4-х минут.

Двухпутный тоннель длиной 840 метров на перевале Шакпак баба в Туркестанской областизначительно улучшил транспортную доступность и безопасность, обеспечил бесперебойное движение автотранспорта независимо от суровых погодных условий. Проект стал важным элементом для улучшения транспортной магистрали по международному маршруту "Западная Европа – Западный Китай".

Новая эстакада протяженностью 6 км на станции Шамалган в Алматинской области позволяет автомобилистам безопасно преодолевать железнодорожные пути.

По итогам дорожно-строительного сезона в 2024 году открыто движение до туристических мест Балхаш, Алаколь, Бокей-Орда, Алтай, Баянаульский национальный парк и др.

В процессе реализации три крупных инфраструктурных проекта по строительству железных дорог общей протяженностью 1100 километров: "Достык – Мойынты", Алматинская обводная железная дорога и "Дарбаза – Мактаарал".

Завершение проектов обеспечит и расширит бесперебойный экспорт казахстанской продукции и увеличит транзитный потенциал страны в целом.

В 2025 году завершится строительство вторых путей между станциями Достык и Мойынты, за счет чего пропускная способность участка возрастет в 5 раз, завершится строительство Алматинской обводной железной дороги, что значительно уменьшит нагрузку на железные дороги региона и города Алматы. Планируемое завершение проекта «Дарбаза – Мактаарал» откроет новый этап интеграции юга Казахстана в международные транзитные пути.

В 2024 году отремонтировано 1400 кмжелезнодорожных путей, закуплено 143 вагона.

На сегодняшний день в рамках строительства данных железнодорожных проектов создано порядка 2,7 тыс. рабочих мест и задействовано свыше 1,4 тыс. единиц техники. Строительство и реконструкция железнодорожной сети придаст мощный импульс развитию экономики страны.

Поэтапная реализация новых дорожных проектов общей протяженностью 4,7 тыс. км состоит из 3,7 тыс. км — I категории и 1 тыс. км — II категории. В числе значимых проектов 2025 года, ключевыми являются:

• Актобе – Улгайсын (234 км);
• Караганда – Жезказган (572 км);
• Обход г. Сарыагаш (102 км);
• Обход г. Кызылорда (20 км);
• Атырау – Доссор (86 км);
• Обход г. Рудный (16,9 км);
• Жанаозен – Кендерли (156 км);
• Обход г. Петропавловск (8 км).

Реализация инфраструктурных инициатив позволит задействовать возможности местного бизнеса и отечественных предприятий.
В 2025 году в рамках строительства новых дорог будут созданы 31 тыс. рабочих мест и привлечены дополнительные инвестиции.

Увеличение полос движения на дорогах позволит предупредить и сократить дорожно-транспортные происшествия.
Строительство и реконструкция железных и автомобильных дорог существенно улучшит деловую активность, создаст необходимые условия жизни для граждан страны, обеспечив доступ кмедицинским и образовательным учреждениям, продовольственным точкам, культурным центрам и др.

 




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости