Cronos Asia

Қазақстан мен Франция туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Франция туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Француз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті. Тараптар келіссөз барысында туризм саласындағы екіжақты әріптестікті одан әрі дамыту әлеуетін талқылады.

Министр Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда өзара іс-қимылдың маңызын атап өтіп, туризм саласындағы ынтымақтастық екі ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын жеткізді.

"Елдеріміз арасындағы туристік ынтымақтастық халықаралық қатынастарды дамыту, мәдени және экономикалық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам деп есептеймін. Қазақстан аталған салада тәжірибе алмасуға және Франциямен бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті. Бұл туристік инфрақұрылымды, әсіресе тау және экологиялық туризмді кеңінен насихаттауға зор септігін тигізеді", - деді министр.

Кездесу соңында тараптар екіжақты іскерлік қатынастарды нығайтуға негіз болатын бастамаларды іске асырудың негізгі қадамдары туралы уағдаласты.

****************************************************

Казахстан и Франция укрепляют сотрудничество в сфере туризма

Министр туризма и спорта Республики Казахстан Ербол Мырзабосынов провел встречу с Чрезвычайным и Полномочным Послом Французской Республики в Казахстане Сильваном Гиоге. В ходе переговоров стороны обсудили перспективы дальнейшего развития двустороннего партнерства в туристской сфере.

Министр подчеркнул важность данного взаимодействия для укрепления отношений между Казахстаном и Францией, отметив, что коллаборация в данном направлении открывает новые возможности для обеих стран.

"Туристское сотрудничество между нашими странами может стать важным вкладом в развитие международных отношений, укрепление культурных и экономических связей. Казахстан заинтересован в обмене опытом и реализации совместных проектов с Францией, что будет способствовать популяризации и расширению туристской инфраструктуры, в особенности по направлениям горного и экологического туризма", — сказал министр.

В завершение встречи стороны договорились о дальнейших шагах по реализации намеченных инициатив, которые послужат основой для укрепления двусторонних деловых отношений.


Новости по теме:

Қазақстан мен Франция Іле-Балқаш бассейнін зерттейді

Exit mobile version