Астанада медицина қызметкерлері бұрынғы басшысын сотқа берді

Бұл істе "Әділдік және өркендеу" қоры оларға тегін заңгерлік қолдау көрсететін болады.

Астанада медицина қызметкерлері бұрынғы басшысын сотқа берді

фото: freepik.com

"Әділдік және өркендеу" қоғамдық қорына "Аңсар медициналық компаниясы" ЖШС бұрынғы қызметкерлері хабарласты. Олар қордан еңбек құқықтарын қорғауды сұрайды. Дәрігер, мейірбике, санитар, барлығы 17 қызметкер бұрынғы жұмыс беруші Данияр Құдабеков "еңбек ақымызды жеп қойды" деп шағымданды. Оның кейбір қызметкерлер алдындағы қарызы 1 миллионға жетіп қалған.

"Одан бөлек, 2023 жылдың мамыр айынан бері жұмыс беруші біздің зейнетақы төлемдерімізді аудармаған. Адал ақымызды күтіп сабырымыз сарқылды, сол үшін Қордың көмегіне жүгініп отырмыз" дейді медбике Салия Жүсіпова.

Санитар Қалдыгүл Жұмадуллаева да еңбекақысын айлап көрмеген. Сома қомақты – кейбірінің ала алмай жүрген ақшасы 1 миллионға жуық.

"Мұндай жағдайда заң қызметкерлер жағында, сондықтан олар бұл істе жеңеді. Әрбір жұмыскерге осындай жағдайда шыдап отырмай, мәселені бірден заң бойынша шешуге тырысуға кеңес беремін" дейді, "Әділдік және өркендеу" қорының заңгері Дархан Құлжамбеков.

Еңбек құқығы тапталған қызметкерлер "Аңсар медициналық компаниясы" ЖШС үстінен арыз жазды. Бұл істе "Әділдік және өркендеу" қоры оларға тегін заңгерлік қолдау көрсететін болады.

******************************************

Столичные медики подали в суд на бывшего работодателя

Бывшие сотрудники ТОО "Медицинская компания Аңсар" с помощью юриста фонда "Әділдік және өркендеу" отправили в суд иск с требованием взыскать долги со своего экс-работодателя Данияра Кудабекова.

– В течение года, с мая 2023 за всех нас не перечисляли пенсионные отчисления, есть и долги по зарплате. Нас пострадало 17 человек: врачи, медсестры, санитарки. Все это время Кудабеков обещал, что нам заплатит, а мы до последнего ему верили. В фонд мы пришли, потому что терпение кончилось. Хотим дать делу огласку, чтоб это было для всех уроком, – рассказывает медсестра Салия Джусупова.

Кому-то из коллектива задолжали зарплату за месяц, а кому-то, как санитарке Калдыкуль Джумадуллаевой за несколько месяцев – и это значительные для работающего человека суммы, у некоторых под миллион тенге.

– В этом случае вся правда на стороне сотрудников, и они выиграют это дело. Всем работникам в такой ситуации я хотел бы посоветовать не терпеть и не ждать, потому что скорее всего вы ничего не дождетесь, а брать инициативу в свои руки и решать вопрос в правовом поле, – подчеркивает юрист "Әділдік және Өркендеу" Дархан Кулжамбеков.

Фонд обеспечит пострадавшим медработникам ТОО "Медицинская компания Аңсар" полную и бесплатную юридическую поддержку.


Мақалаларды оқыңыз:

"Таза Қазақстан" акциясы туралы барлық мақалалар 

Қазақстанда "Әншуақ – 2024" балалар әндерінің республикалық челленджі басталды

 




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости