Cronos Asia

Бағыт бойынша жүгіріп өту немесе қалаған жеріңе дейін ұшып бару: енді Карты қолданбасымен бәрі де мүмкін

Бағыт бойынша жүгіріп өту немесе қалаған жеріңе дейін ұшып бару: енді Карты қолданбасымен бәрі де мүмкін

Енді сары жебенің орнына жүргізушілер бағыт бойынша бүркітті, түйені, ақбөкенді немесе қар барысын жүргізе алады, сондай-ақ олардың суреті ауа-райы туралы сұраулар енгізу кезінде Яндекс Поиск нәтижелерінде пайда болады.

Бұл курсорлар навигация режимінде Қазақстандағы Яндекс Карты сервисінің пайдаланушыларына ғана қолжетімді. Олар анимацияланған және жабайы табиғаттың нағыз тұрғындары сияқты қозғалады: барыс картада аяғын ақырын басып жүреді, бүркіт қанаттарын батыл қағады, түйе баратын жерге ырғақты қозғалыспен жүреді, ал ақбөкен бағыт бойынша ептілікпен секіріп барады.

Пайдаланушы өзіне ұнайтын курсорды таңдайды немесе сілтеме бойынша тесттен өтеді — нәтиже сапар кезінде қай жануар оның мінезін жақсы көрсететінін айтып береді.

"Қазақстанда ай сайын 4 миллионға жуық адам Карты қолданбасында бағыт құрайды. Біз үшін әр адам сервисті қажеттілігіне ғана емес, көңіл-күйіне де баптай алғаны маңызды. Жаңа курсорлар пайдаланушының қолданбадағы тәжірибесін дербестендіріп, еліміздің табиғат байлығын еске салатын болады", — деп атап өтті Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов.

Жаңа курсорлармен Қазақстанда Карты пайдаланушыларына барлығы 15-тен астам бірегей белгішелер, оның ішінде ат, мотоцикл, жол талғамайтын көлік, спорттық көлік және тіпті космомобиль қолжетімді.

Жаңа белгішені таңдау үшін Яндекс Карты қолданбасын оның соңғы нұсқасына дейін жаңарту қажет. Жеке профиль баптауларына кіріп, алдымен "Навигация", содан кейін "Курсор" бөлімдерін таңдайсыз.

Яндекс Карты қолданбасын Google Play Market немесе App Store дүкендерінен жүктеп алуға болады.


Yandex Qazaqstan: пробежать по маршруту или долететь до места: теперь с Картами можно всё

Exit mobile version