Cronos Asia

"Өзенмұнайгаз" АҚ жұмысшылары кәсіподағының талаптарына қатысты "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ хабарламасы

"Өзенмұнайгаз" АҚ жұмысшылары кәсіподағының талаптарына қатысты "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ хабарламасы

фото: пресс-служба

1. "Өзенмұнайгаз" АҚ зейнеткерлерінің (бұрынғы қызметкерлерінің) балаларын жұмысқа орналастыру:
ӨМГ зейнеткерлерінің (бұрынғы қызметкерлерінің) балалары компанияның штатына тікелей алынса, 2020 жылы бекітілген жұмысқа орналасу алгоритмін бұзады. Алгоритмге сәйкес ӨМГ зейнеткерлерінің балалары мен жұмыссыз азаматтар 50/50 пропорциясы бойынша тең дәрежеде жұмысқа қабылданады.

Бұл талапты орындау мүмкін емес, өйткені жұмысқа орналасу кезегін күтіп отырған Жаңаөзен қаласының басқа жұмыссыз тұрғындарының құқығын бұзады.

2.  Зейнетке ерте шыққанда төлем мөлшерін ұлғайту (300 АЕК):
ӨМГ-де жұмысшыларға мерзімінен бұрын зейнетке шығуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама бар. Зейнет жасына тақаған қызметкерлерге арналған бағдарламаның талаптары айлық есептік көрсеткішке (АЕК), мұнайшының өтілі мен жасына байланысты, сонымен қатар отбасы мүшесін жұмысқа орналастыру мүмкіндігі де қарастырылған.

Төлем мөлшері жұмысшының өтіліне және зейнетке шығуға дейін қалған айлар санына байланысты АЕК негізінде есептеледі. Бұл ретте, төлемақының ең жоғары мөлшері 125 АЕК — 40 жылдан астам еңбек өтілі бар қызметкерлер үшін белгіленген.

Мысалы, ӨМГ-де 40 жылдан астам жұмыс істеген қызметкер бүгінде 60 жасқа келіп ерте зейнетке шықса, 16,6 млн теңге алады.

Жұмысшылар кәсіподағы қойып отырған талап — АЕК мөлшерін 125-тен 300 АЕК-ке дейін ұлғайту, бұл төлем мөлшерін екі еседен астамға арттырады. Алайда компанияда қазірдің өзінде жақсы жағдай жасалған, бір қызметкерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау мөлшері — ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

3. Ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы жанынан 1000 орындық арнайы техниканы жөндейтін база салу:
ӨМГ жыл сайын арнайы техниканы жаңартып отырады. Қазіргі уақытта бұрғылау жұмыстары басқармасының техникасын қоса алғанда, автопарктің 65% жаңартылды. 2022-2024 жылдар аралығында бұған 22 млрд теңгеден аса қаржы жұмсалды, ал 2029 жылға дейін тағы 53 млрд теңгеден астам бөлінетін болады.

Техниканы жаңартудың нәтижесінде жөндеу жұмыстары азайды, сондықтан жұмысшылар талап еткендей жаңа жөндеу базасын салу тиімсіз болып отыр. Арнайы техниканы жаңарту жұмыстары ҚМГ тобының барлық компаниясында жүргізіліп жатыр.

4. Ұжымдық шарттың 2013 жылғы редакциясын қайтару және дербес еңбекақы төлеу жүйесіне өту:
Кәсіподақ 2013 жылы қолданыста болған ӨМГ ұжымдық шартының 5.19 тармағын қайтаруды ұсынады. Бұл тармақ бойынша жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарналары жұмыс берушінің есебінен төленіп келген. Ал 2017 жылдан бері қызметкерлерге жалақы салық ұсталғаннан кейін беріледі, бұл ҚР заңнамасына толығымен сәйкес келеді.

2024 жылдың шілдесінде Өзенмұнайгаз компаниясында еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне өту жұмыстары басталды. Кәсіподақтар мен ҚР Еңбек министрлігінің қатысуымен күрделі жұмысты әділ бағалауға негізделген ережелер әзірленді. Қазіргі уақытта ӨМГ ішінде өзара келісімдер жүріп жатыр.

5. Ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу машинистері мен оператордың санатын 6-7-ші дәрежеге көтеру:
Жұмысшының дәрежесі ҚР Еңбек министрлігінің 2018 жылғы бұйрығымен бекітілген Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы бойынша белгіленеді. Қазір күрделі жұмыстарға тартылған ұңғымаларды жерасты жөндеу машинистері мен операторына төлем 6-шы дәреже бойынша жүргізіледі. Бұл осындай жұмыстар үшін әділ ақы төлеуді қамтамасыз етеді.

6. Ұжымдық шартқа 30% қосымша жалақы төлеу тәртібін енгізу:
ҚР заңнамасына және ӨМГ-нiң 2023 жылғы еңбекақы төлеу ережелеріне сәйкес 30%-ға дейінгі үстемақы лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету түрлерін кеңейткені немесе қосымша функцияларды орындағаны үшін төленеді. Сондай-ақ ӨМГ жұмысшыларының жалақысына жыл сайын индексация жүргізіледі. Бұл өңірдегі басқа мұнай өндіруші кәсіпорындардағы орташа жалақыдан асады.

****************************************************

АО "Озенмунайгаз» АО НК «КазМунайГаз» ответил по поводу требований профсоюза работников

1. Трудоустройство детей пенсионеров (бывших работников) ОМГ:
Прием детей пенсионеров (бывших работников) ОМГ напрямую в штат нарушает действующий алгоритм трудоустройства, утвержденный в 2020 году. Согласно алгоритму дети пенсионеров ОМГ трудоустраиваются наравне с безработными гражданами в соотношении 50/50.

Выполнение данного требования не представляется возможным, так как нарушит права других безработных в г.Жанаозен, ожидающих своей очереди на трудоустройство.

2. Увеличение выплаты при раннем уходе на пенсию (300 МРП):
В ОМГ действует специальная предпенсионная программа, которая позволяет работникам выходить на пенсию преждевременно. Условия предпенсионной программы привязаны к МРП, стажу и возрасту работника, при этом, есть возможность трудоустройства члена семьи.

Размер выплаты рассчитывается исходя из МРП в зависимости от стажа работника и количества месяцев, оставшихся до пенсии. При этом, максимальный размер 125 МРП установлен для работников со стажем свыше 40 лет.

К примеру, работник, отработавший в ОМГ больше 40 лет, на сегодня при раннем выходе на пенсию в 60 лет, получает 16,6 млн. тенге.

Требование работников заключается в увеличении МРП со 125 до 300 МРП, что повысит размер выплаты более чем в два раза. Однако, в компании уже созданы хорошие условия, где размер социальной поддержки на одного работника — один из самых высоких.

3. Строительство базы по ремонту спецтехники на 1000 мест управления обслуживания скважин ОМГ:
ОМГ ежегодно обновляет спецтехнику, и сейчас обновлено 65% парка, включая технику Управления буровых работ. С 2022 по 2024 год на это потратили более 22 млрд тенге, а до 2029 года планируется выделить еще более 53 млрд тенге.

Благодаря обновлению техники меньше нужно ремонтов, поэтому строительство новой ремонтной базы, как требуют работники, пока нецелесообразно. Подобное обновление спецтехники идет во всех компаниях группы КМГ.

4. Возврат редакции коллективного договора 2013 г. и переход на обособленную систему оплаты труда:
Профсоюз предлагает вернуть пункт 5.19 коллективного договора ОМГ от 2013 года, когда индивидуальный подоходный налог и обязательные пенсионные взносы оплачивались за счет работодателя. С 2017 года выплаты сотрудникам производятся после удержания налогов, что соответствует законодательству РК.

С июля 2024 года в Озенмунайгазе начаты работы по переходу на новую систему оплаты труда. Разработаны Правила, основанные на справедливой оценке сложности работы, с участием профсоюзов и Министерства труда РК. В настоящее время проводятся согласования внутри ОМГ.

5. Повышение категории машинистов и операторов подземного и капитального ремонта скважин до 6-7 разрядов:
Разряды устанавливаются по Единому тарифно-квалификационному справочнику, утвержденному приказом Министерства труда РК от 2018 года. Сейчас машинистам и операторамподземного ремонта скважин на сложных участках оплата производится по 6 разряду, что обеспечивает справедливую оплату за такую работу.

6. Включение в коллективный договор доплаты 30% к заработной плате:
Согласно законодательству страны и Правилам оплаты труда ОМГ 2023 года, доплата до 30% производится за совмещение должностей, расширение зоны обслуживания или выполнение дополнительных функций. Также зарплата работников ОМГ ежегодно индексируется и превышает среднюю зарплату, чем в других нефтедобывающих предприятиях региона.

Exit mobile version