Енді кез келген автобустың дәл қазір қай жерде жүріп бара жатқанын картадан тексеруге болады. Мысалы, әуежайға, теміржол вокзалына немесе "Атырау" сауда орталығына дейін бара жатқанын көруге болады.
Қозғалысты "Көлік" режимінде бақылауға болады. Онда автобус белгілері қалада жүріп бара жатқан кәдімгі автобуспен бірдей қозғалады. Белгілі бір автобустың қай жерде екенін көру үшін іздеу жолына, мысалы, "15 автобус" деп енгізсеңіз болғаны. Экранда оның маршруты, аялдамалары мен кестесі бар карточка, сондай-ақ дәл қазір маршрут бойынша жүріп бара жатқан автобустардың қозғалмалы белгішелері көрсетіледі. Оған қоса қажетті аялдамаға қандай көлік және қашан келетінін білуге болады. Ол үшін картадағы аялдама белгішесін басу керек.
Жаңартылған ақпарат уақыт үнемдеуге көмектеседі: қажетті автобустың қай жерде екенін тексеріп, аялдамаға ол келетін уақытта бір баруға болады.
Карты көлік датчиктерінен сигнал алу арқылы сол көліктің орналасқан жері туралы ақпаратты үнемі жаңартып тұрады. Ал болжам алгоритмдерінің арқасында көліктің жылдамдығы мен қаладағы жол жағдайын ескере отырып, көлік аялдамада қанша уақыттан кейін болатынын көрсетеді.
Яндекс Карты — жаяу немесе көлікпен, мысалы, автомобильмен және автобуспен жүруге арналған маршрут құруға көмектесетін навигациялық қолданба. Сонымен қатар ол арқылы қажетті орындарды тауып, басқа да күнделікті жұмыстарды орындауға болады. Бүгінде Қазақстанда Яндекс Карты қызметін ай сайын 2,3 миллионнан астам адам пайдаланады. Іздеу, Такси, Еда, Доставка деген Яндекстің басқа сервистері сияқты Яндекс Карты қызметін де қазақ тілінде пайдалануға болады.
Мақалаларды оқыңыз:
Яндекс Карты покажут жителям Атырау, где едут автобусы
Yandex Qazaqstan добавил в Карты новые панорамы городов Казахстана