Жетісу облысында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық шаралары тұрақты үрдіске айналып, жалғасып жатыр.
8 тамыз күні облыста бірқатар атаулы шаралар ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, "Жетісу жастары" КММ және "Жасыл ел" еңбек жасақшыларымен бірлесе отырып, Халықаралық жастар күні қарсаңында және "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында "Жасыл ел" - эко квест" шарасы өтті. Шараға өңірдің белсенді жастары, "Жасыл ел" еңбек жасақшылары және еріктілер қатысты. Жас эко-белсенділер арасында бірден сіңіп, жиі ұйымдастырылатын жаңашыл форматтағы шараның мақсаты жастар мен жасөспірімдерге қоршаған ортаның, табиғаттың тазалығы қаншалықты маңызды екенін көрсете отырып, өз үлестерін қосуға ықпалдасу болып табылады. Аталған тазалық квесті Талдықорған қаласының Орталық Арбатында салатанатты түрде ашылып, жиналған жұртшылықты тазалыққа шақырды. Қатысушы командаларға тапсырма орындау және тазалық жұмыстарын жүргізетін орындар белгіленіп, хабарланды. Ары қарай, тазалық квесті орталық базар маңында тазалау жұмыстарымен жалғасын тапты.
Сонымен қатар, қазіргі таңда жас буынның спортқа, оның ішінде аула спортына қызығушылығы артқанын ескере отырып, облыс орталығында "Workout Таза Қазақстан үшін" спорттық шарасы өткізілді. Аталған шара жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелей отырып, бос уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізуге шақырды. Спорттық жарыс соңында қатысушылар алаң маңын тұрмыстық қоқыстардан тазартып, әр жас спортшының бірінші міндеті тазалық пен жауапкершілік екеніне үндеді.
Талдықорған қалалық жастар орталығының жетекшісі Еркебұлан Жақан: "Жастардың бойына игі істерді дарыту барысында олардың қызығушылықтарын ескеріп, олар сияқты ойланып қадам жасау керек екені анық. Осы тұста, біз тазалық жұмыстарының пайдалы әрі қызықты бола алатынын көрсеткіміз келеді. Жастардың жаңа ортасы тазалыққа жақын болса, келесіде дәл осы қатысушы өзінің тағы бір досын да ертіп келеді. Сөйтіп, тазалыққа жақын, туған жерін аялайтын нағыз жанашыр жастарды қалыптастыра аламыз. Осы тұста, "Таза Қазақстан" акциясының қоғамға берері зор екенін айтқым келеді".
Сондай-ақ, Текелі қаласында "Тазаlike" эко-челленджі ұйымдастырылды. Жаңадан салынған спорттық сауықтыру кешені аумағына тазалық жұмыстары жүргізіліп, акция қала аумағындағы барлық нысандарыға эстафета ретінде жолданды. Ал, айдынды Алакөл ауданында "Alakol clean" экологиялық-шығармашылық байқауы өткізілді. Өңір тазалығын мақсат еткен алакөлдіктер бұл жараға жасы да-қарты да қатар атсалысты. Мәселен, аға буын белсенділері көл жағалауына тазалық жұмыстарын жүргізіп, сонымен бірге демалушыларды тазалыққа үндеп, түсірдіру жұмыстарын жүргізді. Ал, көл маңындағы балажайларда демалушы оқушылар экологиялық тақырыпта сурет салудан жарысқа түсті. Осылайша, бала көңіл ел болып атсалысқан ауқымды мәселеге өз үлесін қосты.
Сонымен қатар, оқушы балалар арасында "Таза Қазасқтан" акциясы туралы не білесіңдер?", "Өз өңіріміздің тазалығын қалай сақтай аламыз?" деген сынды сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылып, ең белсенді қатысушылар марапатталды.
Алакөл аудандық "Аналар кеңесінің" төрағасы Ұлжалғас Дүйсебаева: "Таза Қазақстан" акциясына ел болып бірігіп қатысу, оны әр ауылда, әр аула мен көшеде ұйымдастырудың маңызы зор. Қазіргі таңда жерлестеріміздің бірқатары аталмыш акцияның мақсатымен жақсы таныс. Қанша уақыттан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып жатқан түрлі тазалық шараланың арқасында көпшілік тазалық сақтауға бейімделіп те қалды. Өзінің ғана емес, өзгенің де артынан жинай салу, қоқыс қалдырмау – туған жерге деген үлкен махаббаттан бастау алып, азаматтық жауапкершілікпен жалғасатынын әр адам түсінсе дейміз".
Сарқан ауданында тазалық белсенділерінің қатысуымен "Сарқан Green Battle" шарасы ұйымдастырылды. Эко-эстафета форматында өтетін шараға жастар мен жасөспірімдер қатысып, түрлі тапсырмаларды орындады. Жылдамдыққа қоқыс тазалаудан және жүгіруден жарыса отырып, кедергілерден өтті. Ал, Кербұлақ ауданында "Тату көршілер – Таза Қазақстан үшін" акциясы өткізілді. Сарыөзек ауылының тұрғындары өздері тұратын көше бойына тазалық шараларын жүргізе отырып, жолыққан тұрғындарға акцияның мәні мен маңызын түсіндірді. Экологиялық шараның ерекшелігі, көршілердің өз бастамасымен, біреуден көмек күтпей, өз қолдарымен тұратын жерлерінің тазалығын сақтауға ұмтылуы болып табылады. Өңірдегі тазалық мәдениетінің көрсеткішін осыдан да байқауға болады.
Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы Ғалия Ақбасова: "Қазақ халқында қай кезеңде де көршілер бірігіп, көп игі істің басын қайырғаны белгілі. Олай болса, тазалыққа да дәл солай татулықты ту етіп, бірге атсалысуды дұрыс деп таптық. Көп біріккен істе береке бар. Ауылымыздың бірлігін ту етіп, тазалығын басқа өңірлерге үлгі етсек деген мақсатымыз да бар".
Айта кету керек, "Таза Қазақстан" акциясы аясында Жетісу облысында жалпы 1187 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 7055 тонна қоқыс шығарылып, 22255 км арық желісі тазаланды. Сонымен қатар, 25 826 м2 автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыс аумағында акция кезінде 29 514 түп көшет отырғызылды.
Аталған жұмыстар облыстың әр аумағын қамтып, жыл соңына дейін жалғасын таппақ.
***********************************************
Акции чистоты в рамках республиканской экологической акции "Таза Қазақстан" в области Жетісу
Управление общественного развития области Жетісу сообщает, что в области Жетісу в рамках республиканской экологической акции "Таза Қазақстан" продолжаются мероприятия по уборке территории.
На сегодняшний день в экологическом мероприятии, получившем огромную поддержку со стороны населения, приняли участие более 172 тысяч человек.
8 августа в области прошел ряд экологических мероприятий. В частности, КГУ "Жетысу жастары" совместно с трудовым отрядом "Жасыл ел" в преддверии Международного Дня молодежи и в рамках экологической акции "Таза Қазақстан" провели мероприятие "Жасыл ел" - эко квест". В мероприятии приняли участие активная молодежь региона, трудовой отряд "Жасыл ел" и эко-волонтеры.
Целью мероприятия в новом формате, который сразу же внедрился и часто организуется среди молодых эко-активистов, является содействие молодежи и подросткам в их вкладе, демонстрируя, насколько важна чистота окружающей среды, природы. Данный квест чистоты торжественно открвлся в Центральном Арбате города Талдыкорган. Командам-участникам обозначали места выполнения заданий и проведения уборки. Далее мероприятие продолжилось уборкой возле Центрального рынка.
Кроме того, учитывая возросший интерес молодого поколения к спорту, в том числе дворовому, в областном центре прошло спортивное мероприятие "Workout за чистый Казахстан". Данное мероприятие призвано воспитывать молодежь к здоровому образу жизни, эффективно и с пользой проводить свободное время. По окончании спортивных соревнований участники очистили территорию от бытового мусора и тем самым призвали других к тому, что один из первых задач каждого молодого спортсмена – это чистота и ответственность.
Руководитель Талдыкорганского городского молодежного центра Еркебулан Жакан: "Очевидно, что при привитии молодых людей к добрым делам нужно учитывать их интересы и делать такие же вдумчивые шаги, как и они. Здесь мы хотим показать, что уборка может быть полезной и интересной. В то время как новая молодежная среда близка к чистоте, в следующий раз этот же участник также сопровождает еще одного своего друга. Таким образом, мы сможем сформировать по-настоящему сострадательную молодежь, которая будет рядом с чистотой, бережно относиться к родной земле. Я хочу сказать, что акция "Таза Қазақстан" очень важна для общества".
Также в городе Текели прошел эко-челлендж "Тазаlike". На территории построенного спортивно-оздоровительного комплекса проведены работы по уборке, акция направлена в качестве эстафеты на все объекты на территории города. А в Алакольском районе прошел эколого-творческий конкурс "Alakol clean". В этой акции приняли участие как старшие, так и молодые люди, нацеленные на чистоту региона. Так, активисты старшего поколения провели уборку на берегу озера, а также разъяснителъную работу среди отдыхающих с призывом к чистоте. А в лагерях у озера отдыхающие школьники соревновались в рисовании на экологическую тематику. Таким образом, дети тоже внесли свой вклад в масштабную акцию. Кроме того, были организованы викторины среди школьников, как "Что вы знаете об акции "Таза Қазақстан", "Как мы можем сохранить чистоту нашего региона?" и т.д. Самые активные участники были награждены.
Председатель Алакольского районного "Совета матерей" Улжалгас Дуйсебаева: "Совместное участие страны в акции "Таза Қазақстан" имеет большое значение для организации ее в каждом селе, в каждом дворе и улицах. В настоящее время ряд наших земляков хорошо знакомы с целью данной акции. В течении нескольких месяцев, благодаря постоянно организованным мероприятиям по уборке, многие уже адаптировались к поддержанию чистоты. Мы хотим, чтобы каждый понимал, что чистота – начинается с большой любви к родной земле и продолжается гражданской ответственностью".
В Сарканском районе организовано мероприятие "Саркан Green Battle" с участием активистов чистоты. В мероприятии, которое прошло в формате эко-эстафеты, приняли участие молодежь и подростки, которые выполняли различные задания. На скорости преодолевали препятствия, соревнуясь в уборке мусора и беге. А в Кербулакском районе прошла акция "Дружные соседи – за чистый Казахстан". Жители села Сарыозек разъясняли суть и значение акции жителям, так же провели мероприятие по уборке улиц, где они проживают. Целью экологического мероприятия является стремление соседей по собственной инициативе, не дожидаясь помощи от кого-либо, поддерживать чистоту своих жилых помещений своими руками. Показатель культуры чистоты в регионе можно наблюдать и здесь.
Почетный гражданин Кербулакского района Галия Акбасова: "Известно, что казахский народ всегда уважал своих соседей и был в единстве. Сегодня мы сочли правильным участвовать в акции чистоты так же, вместе с соседями. В объединенном деле есть благословение. Мы хотим отметить единство нашего села и сделать чистоту примером для других регионов".
Стоит отметить, что в рамках акции "Таза Қазақстан" в области Жетісу задействовано 1187 единиц техники, в результате чего вывезено 7055 тонн мусора, очищено 22 255 км арычной сети. Кроме того, проведен текущий ремонт 25 826 м2 автомобильных дорог. На территории области за время акции высажено 29 514 саженцев.
Данные работы охватят каждую территорию области и будут продолжены до конца года.