Cronos Asia

"Таза Қазақстан": Ұлытау облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

"Таза Қазақстан": Ұлытау облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Фото: www.gov.kz

Ауқымды акцияның басты мақсаты – аумақтарды тазалаумен қатар, тұрғындардың қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігіне назар аударту. Тазалық шараларына қатысушылардың барлығы жоғары белсенділік көрсетті. "Жасыл ел" еңбек жасақтары да осы күні белсенділігімен ерекшеленді. Экологиялық іс-шараларға қатысушылар арасында жергілікті билік, қоғамдық ұйымдар, студенттер, белсенділер және қарапайым тұрғындар бар. Акцияға барлығы 245 ұжымнан 2000-нан астам адам мен 68 арнайы техника жұмылдырылды. Барлығы 70 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Облыс бойынша барлығы 483 аула, 24 саябақ пен сквер, 61 тарихи-мәдени ескерткіш аумағы тазартылып, 138 әлеуметтік нысан аумағы қамтылды.

Жезқазған қаласында қала тұрғындары мен еңбек ұжымдары негізгі көшелер мен саябақ, скверлерді тазартты. Жасыл желектерге күтім жасалып, гүлзарлар ретке келтірілді.

Ал, Сәтбаев қаласының еңбек ұжымдары өндірістік мекемелердің аумағын тазалап, сырлау, әктеу жұмыстарын атқарды.

"Қаламызда таза бейсенбілік, сенбілік өткізу дәстүрі бұрыннан бар. Сондықтан да, "Таза Қазақстан" акциясы басталғалы қала тұрғындары оған белсенді қатысуда. Бүгін де барлық еңбек ұжымдары, қала халқы бастамамызға қолдау білдіріп жатыр", - дейді "Жастар болашақ" жастар қозғалысының төрағасы Луиза Минбаева

Қаражал қаласының тұрғындары да өз аулаларын тазалап, рұқсат етілмеген орындарға төгілген қоқыстарды арнайы полигонға шығарды.

Облыстың Жаңаарқа, Ұлытау аудандарында тазалық акциясы бұлақтар айналасы мен өзен жағасында өтті. Мәселен, Ұлытау ауданының тұрғындары "Күмісбұлақ", "Тасбұлақ" бұлақтарының айналасын тазартып, бұлақ басына келушілерге қолайлы жағдай туғызу мақсатында абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Жаңаарқалықтар Сарысу өзенінің бойын қоқыстан тазалап, жағажайларды ретке келтірді.

Сондай-ақ қалалардағы көпқабатты үйлердің тұрғындары да аулаларын жинап, ретке келтірді. Тазалық акциясына пәтер иелері кооперативтері жетекшілік жасады.

Тазалық акциялары аясында облыстың қала мен аудандарындағы әкімдіктердің жауапты мамандары жергілікті аумақтардағы көшелерді аралап санитарлық тазалықты тексерді. Санитарлық тазалықты сақтамаған, абаттандыру ережесіне сәйкес келмейтін нысандардың иелерімен тілдесіп, кемшіліктерді қысқа мерзімде түзеу қажеттігін айтып, ескерту жасады. Ғимараттар алдын тазалау, аумақты абаттандыру сияқты жұмыстар жүргізу тапсырылды. Сонымен қатар, коммуналдық мекемелер басшыларына қала-аудан көшелерін, жаяу жүргінші жолдары мен аялдама аумақтарын тазарту және қоқыстан арылту жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.

Фото: www.gov.kz

В рамках общенациональной экологической акции "Таза Қазақстан" в области Ұлытау были организованы масштабные мероприятия. В этот день во всех городах и районах области прошли акции по уборке территорий.

Главная цель масштабной акции – наряду с уборкой территорий обратить внимание жителей на необходимость бережного отношения к окружающей среде. Все участники экологической мероприятий проявили высокую активность. Трудовые отряды "Жасыл ел" также отличились своей активностью. Среди участников экологических мероприятий – представители местных исполнительных органови, общественных организаций, студенты, активисты и простые жители городов, районов. Всего в акции задействовано более2190 человек и 68 единиц спецтехники из 245 коллективов. Было вывезено более 70 тонн мусора.

Всего по области очищено 483 двора, 24 парка и сквера, территория 61 историко-культурных памятников, охвачено территорий 138 социальных объектов.

В областном центре жители и трудовые коллективы города очистили главные улицы и парки, скверы. Жители в этот день ухаживали за зелеными насаждениями, приводили в порядок клумбы и газоны.

А трудовые коллективы города Сатпаев провели уборку, покраску, побелку на территориях производственных предприятий.

"В нашем городе существует давняя традиция проведения чистого четверга и субботника. Поэтому с начала акции "Таза Қазақстан" жители города принимают активное участие в ней. И сегодня все трудовые коллективы, население города поддержали нашу инициативу", - отметила Председатель молодежного движения “Жастар болашақ” Луиза Минбаева.

Жители города Каражал также провели уборки в своих дворах и вывезли мусор, с несанкционированных свалок на специальный полигон.

В Жанааркинском, Улытауском районах области экологическая акция прошла возле родников и на берегу рек. Так, жители Улытауского района провели работы по благоустройству территории вокруг родников "Күмісбұлақ", "Тасбұлақ", чтобы создать благоприятные условия для посетителей. Жанааркинцы очистили берег реки Сарысу от мусора и привели в порядок места для купания.

Также жители многоэтажек в городах убирали и привели в порядок свои дворы. Акцией по уборке руководили председатели кооперативов собственников квартир.

В рамках экологических акций ответственные специалисты акиматов городов и районов области проинспектировали санитарную чистоту на местных территориях. Провели беседу с владельцами объектов, которые не соблюдали санитарную чистоту, где имелись несоответствие правилам благоустройства, предупредили о необходимости устранения недостатков в кратчайшие сроки. Поручено провести такие работы, как предварительная очистка зданий, благоустройство территорий. Кроме того, руководителям коммунальных учреждений были даны конкретные поручения по очистке и уборке от мусора улиц, пешеходных дорожек и остановочных территорий городов-районов.


Мақалаларды оқыңыз:

"Таза Қазақстан" акциясы туралы барлық мақалалар

Exit mobile version