Қазақстанда жыл сайын бейнеэндоскопиялық жабдықты пайдалана отырып, химиотерапиямен үйлесімде 30 мыңға жуық онкологиялық операция жасалады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында.
Семей қаласында Қазақстанда алғаш рет радионуклидтік терапия енгізілген Ядролық медицина орталығы ашылды.
Сүйек онкопатологиясы кезінде инновациялық 3-Д протездеу сәтті қолданылады.
Жыл сайын 12 мыңнан астам пациент сәулелік терапия (томотерапия, стереотаксис, IMRT, IGRT) алады.
2024 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ҚР-да қатерлі ісіктерден болатын өлім 3,2%-ға төмендеді.
Сондай-ақ, елімізде кардиология, кардиохирургия, невропатология, нейрохирургия, травматология, ортопедия сияқты 7 бейін бойынша пациенттерге медициналық оңалту жүргізіледі. 2024 жылдан бастап қатерлі ісіктері бар пациенттерді оңалту енгізілді.
2023 жылы барлығы 208 мың пациент медициналық оңалтудан өтті.
***********************************************************
В Казахстане ежегодно выполняется около 30 тыс. онкологических операций
Операции проходят в комбинации с химиолучевой терапией с использованием видеоэндоскопического оборудования, сообщила министр здравоохранения Акмарал Альназарова на заседании Комиссии по правам человека при Президенте Республики Казахстан.
Открыт центр ядерной медицины в г. Семей, где впервые в Казахстане внедрена радионуклидная терапия. Успешно применяется инновационное 3-Д протезирование при костной онкопатологии.
Ежегодно более 12 тыс. пациентов получают лучевую терапию (томотерапия, стереотаксис, IMRT, IGRT).
По итогам 7 месяцев 2024 года по сравнению с аналогичным периодом прошлого года в РК смертность от злокачественных новообразований снизилась на 3,2%.
Также в стране проводится медицинская реабилитация пациентам по 7 профилям: кардиология, кардиохирургия, невропатология, нейрохирургия, травматология, ортопедия. С 2024 года внедрена реабилитация пациентов с злокачественными новообразованиями.
Всего в 2023 году медицинскую реабилитацию прошли 208 тысяч пациентов.
Мақалаларды оқыңыз:
Республикалық "Таза энергетика" сурет байқауы басталды
Қазақстан құрамасы Грецияда өтетін FIRST Global робототехникадан олимпиадада ел намысын қорғайды