Cronos Asia

Қазақстанда 2025 жылғы туризм қандай болмақ?

Қазақстанда 2025 жылғы туризм қандай болмақ?

фото: atameken.kz

Келер жылы Қазақстанда 22 авиамаршрутты субсидиялау жоспарлануда. Бұл туралы ҰКП алаңында Азаматтық авиация комитеті мен Туризм және спорт министрлігінің өкілдері хабарлады.

"Атамекен" ҰКП ұйымдастырған кездесуде рейс тапшылығы кездесетін Түркістанның туристік кластеріне назар аударылды. Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев шағын авиацияны дамыту ведомство үшін басым бағыттардың бірі болып табылатынын және субсидиялау құралы неғұрлым тиімді регламенттелуге тиіс екенін атап өтті.

"Түркістанға түркі әлемінің астанасы және туристік дестинация ретінде салынған ресурстар рейстердің болмауына байланысты ақталмайды. Өңірдің дамуына қомақты инвестиция салғанына қарамастан, көлікке қолжетімділік мәселесі оның туристік әлеуетін тежеп отыр", - деді вице-министр.

Мәселен, 2025 жылға қарай Түркістанға субсидияланатын бес рейсті енгізу, сондай-ақ "Flyarystan" әуекомпаниясының коммерциялық рейстерін қосу жоспарланған. Сонымен қатар, Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, үш жаңа әуежай салу бойынша дайындық жұмыстары басталып, еліміздің 8 әуежайы жаңартылды. Бұл еліміздің көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін маңызды қадам болмақ, деп атап өтті ведомствода.

Жиын барысында Балқаш және Үржар курорттарының туристік маусым кезінде орын алған қиындықтары айтылды. Алдын ала брондалған нөмірлерге қарамастан, әуе билеттерінің қымбат бағасы туристердің едәуір бөлігінің азаюына әкеп соқты.

"Курорттық аймақтарға көлікпен жету мүмкіндігі әрдайым басты назарда. Биыл Балқаш-Алматы, Балқаш–Астана, Үржар-Астана, Астана-Үшарал бағыттары бойынша субсидияланатын авиарейстерді орындауға конкурс өткізілмей, аталған бағыттар бойынша коммерциялық рейстер жасалды. Бірақ рейстерді субсидиялау – мемлекеттік қолдаудың маңызды шараларының бірі. Президент туристік дестинацияларды дамытуға ерекше назар аударды", - деді ҰКП Төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков.   

Мәселен, жағдайды жақсарту үшін 2025 жылы 6,4 млрд теңгеге 23 бағытты, оның ішінде 9 туристік бағытты субсидиялау жоспарлануда, деп хабарлады Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті. Үкіметтің тапсырмасы бойынша Ақтауға басқа облыс орталықтарынан рейстерді ұлғайту бойынша шаралар қарастырылуда. Биыл рейстер саны аптасына 115-тен 137-ге дейін өсті.

Көлік министрлігінің дерегі бойынша, биыл жолаушылар ағыны COVID дейінгі кезеңмен салыстырғанда 50%-дан астамы қалпына келген. Тек 8 айдың ішінде 9,3 млн жолаушы тасымалданды. Алты қазақстандық авиакомпания 50 ішкі маршрутты орындады, оның 22-сі субсидияланған.

**********************************************************

Каким будет туризм-2025 в Казахстане?

В следующем году в Казахстане запланировано субсидирование 22 авиамаршрутов. Об этом сообщили представители Комитета гражданской авиации и Министерства туризма и спорта в стенах НПП.

Особое внимание на встрече, организованной Национальной палатой «Атамекен», было уделено туристическому кластеру Туркестана, который сталкивается с катастрофической нехваткой рейсов с ежегодным их сокращением.

Вице-министр туризма и спорта Ержан Еркинбаев подчеркнул, что развитие малой авиации является одним из приоритетных направлений для ведомства, и инструмент субсидирования должен быть более эффективно регламентируемым.

"Те ресурсы, которые были вложены в Туркестан как столицу тюркского мира и туристическую дестинацию, не оправдываются из-за нехватки рейсов. Несмотря на значительные инвестиции в развитие региона, проблема транспортной доступности сдерживает его туристический потенциал", - отмечает вице-министр.

Так, к 2025 году уже запланировано введение пяти субсидируемых рейсов в Туркестан, а также добавление коммерческих рейсов авиакомпанией FlyArystan. Кроме того, по информации Минтуризма и спорта, уже начаты подготовительные работы по строительству трех новых аэропортов, модернизированы 8 аэропортов страны. Это станет важным шагом для улучшения транспортной инфраструктуры страны, отмечают в ведомстве.

В ходе совещания также были упомянуты сложности прошедшего туристического сезона курортов Балхаш и Урджар. Высокие цены на авиабилеты привели к потере значительной части туристов, даже несмотря на предварительно забронированные номера, сетуют представители туристского бизнеса.

«Вопрос транспортной доступности к курортным зонам всегда стоит на первом месте. Как известно, в этом году по направлениям Балхаш-Алматы, Балхаш–Астана, Урджар-Астана, Астана-Ушарал конкурс на выполнение субсидируемых авиарейсов не состоялся, по указанным направлениям выполнялись коммерческие рейсы. А ведь субсидирование рейсов – одна из немаловажных мер господдержки. Президент особо акцентировал внимание на развитие туристических дестинаций», - сказал заместитель председателя НПП Тимур Нахипбеков.    

Так, для улучшения ситуации в 2025 году планируется субсидирование 23 маршрутов, включая 9 туристических, на сумму 6,4 млрд тенге, сообщает Комитет гражданской авиации Министерства транспорта. Вместе с тем, по поручению правительства, рассматриваются меры по увеличению рейсов в Актау из других областных центров. В этом году наблюдался рост количества рейсов со 115 до 137 в неделю.

Данные Министерства транспорта подтверждают: в этом году пассажиропоток восстановился более чем на 50% по сравнению с доковидным периодом. Только за 8 месяцев перевезено 9,3 млн пассажиров. Шесть казахстанских авиакомпаний выполняют 50 внутренних маршрутов, из которых 22 субсидируются.

Exit mobile version