Марапат иелерінің қатарында 450-ден астам жұмысшы, 137 педагог, 80-нен аса ғалым, 100-ге жуық құтқарушылар мен еріктілер бар. Қазақстан тарихында алғаш рет қатарынан екі ұстаз Қазақстанның Еңбек Ері атағына ие болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы құжатқа қол қойды.
Отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын:
Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы – "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" КеАҚ вице-президенті.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын:
Нұрпейісова Гүлжанар Молдакерімқызы – "№ 4 арнайы мектеп-интернат" КММ мұғалімі, Алматы қаласы;
Траисова Эльмара Асқарқызы – "Асан Тайманов атындағы № 34 мектеп-гимназия" КММ мұғалімі, Орал қаласы.
Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылсын:
Прокоп Георгий Георгиевич – "Шахтерское" ЖШС директоры, Қарағанды облысы.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Впервые в истории Казахстана сразу два учителя получили звание Қазақстанның Еңбек Ері