Халықаралық Uzakrota Travel Awards сыйлығы Kazakh Tourism компаниясымен қатар Сауд Арабиясы, БАӘ, Сербия, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка, Тайланд және Ирландия мемлекеттерінің өкілдеріне елдің халықаралық туристік аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін табысталды.
Туристік индустриядағы маңызды шаралардың бірі Uzakrota Travel Summit 2024 халықаралық саммиті Ыстамбұлда өтті. Оның барысында туризм саласындағы нәтижелерге сәйкес 40 аталым бойынша жыл сайынғы марапаттар табысталды.
Жеңімпаздар сарапшылардың және кең аудиторияның пікірі негізінде анықталды. Қазақстан алғаш рет Uzakrota Travel Awards сыйлығымен марапатталды.
Іс-шараға әлемнің 110 елінен 15 мың делегат қатысты. Kazakh Tourism саммитке қатысушыларға Қазақстанның туристік әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.
2025 жылы Қазақстан халықаралық EMITT туристік көрмесіне қатысады. Оның арқасында Түркиямен және басқа елдермен туристік байланыстарды нығайту жоспарланып отыр.
Түркия - ТМД елдерін есепке алмағанда, Қазақстанға келетін туристер саны бойынша екінші орында. 30 күнге дейінгі визасыз режим және қос мемлекет арасындағы тұрақты тікелей рейстер келушілер қатарының артуына ықпал етеді. Биылғы бірінші жартыжылдықта елімізге келген түрік туристерінің саны 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға артты.
Атап өткен жөн, биыл халықаралық Lonely Planet баспасы "Best in Travel" рейтингінде Қазақстанды 2025 жылы саяхаттауға болатын ең үздік елдердің бірі ретінде анықтады.
Казахстан получил престижную премию в сфере туризма
Kazakh Tourism отмечен престижной наградой Uzakrota Travel Awards за вклад в продвижение страны на международной туристской арене наряду c представителями Саудовской Аравии, ОАЭ, Сербии, Южная Кореи, Южной Африки, Таиланда и Ирландии.
В Стамбуле состоялся международный саммит Uzakrota Travel Summit 2024 – одно из ключевых событий в туриндустрии. В ходе мероприятия вручены ежегодные премии в 40 номинациях за результаты в сфере туризма и продвижение стран как привлекательных туристских направлений.
Итоги конкурса подведены с учетом мнения экспертов и широкой аудитории. Казахстан впервые удостоен премии Uzakrota Travel Awards.
Мероприятие объединило 15 тысяч делегатов из 110 стран мира. Kazakh Tourism презентовал участникам саммита туристский потенциал и инвестиционные возможности Казахстана.
В 2025 году Казахстан планирует продолжить укреплять туристические связи с Турцией и другими странами, приняв участие в международной туристской выставке EMITT в Стамбуле.
Турция занимает второе место по числу прибытий в Казахстан, не считая страны СНГ. Безвизовый режим сроком до 30 дней и регулярные прямые рейсы между Казахстаном и Турцией способствуют росту туристского потока. В первом полугодии этого года количество турецких путешественников, посетивших нашу страну, увеличилось на 12% по сравнению с аналогичным периодом 2023 года.
Напомним, в этом году международное издательство Lonely Planet отметило Казахстан одной из лучших стран для путешествий в 2025 году по результатам рейтинга "Best in Travel".