Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министріу Мұрат Нұртіле Палестина мәселесін реттеу және Ливандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша Араб мемлекеттері лигасы (АМЛ) мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) бірлескен кезектен тыс Саммитіне қатысты.
Іс-шара барысында мүше мемлекеттердің өкілдері геосаяси ахуалды, ислам әлемі алдында тұрған сын-қатерлер мен қауіптерді, соның ішінде Таяу Шығыстағы ағымдағы оқиғаларды талқылады.
Өз сөзінде М. Нұртілеу ИЫҰ-ның өңірдегі мұсылман үмбетінің елдерінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, ИЫҰ мен АМЛ мүшелерін ағымдағы қақтығыстарды тез арада реттеу бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуге шақырды.
ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы халықаралық қауымдастықтың Голан шыңдарында, Ливанда және әлемнің басқа аймақтарындағы БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларының маңызды рөлін естен шығармауы керектігін ерекше атап өтті.
Осыған байланысты БҰҰ-ның бітімгершілеріне және дипломатиялық миссияларға жасалған шабуылдардың халықаралық және гуманитарлық құқықтың өрескел бұзылуы болып табылатындығы және оған жол бермеу қажеттілігі аталып өтті.
*****************************************************************************************
Казахстан принял участие в саммите Лиги арабских государств - Организации исламского сотрудничества
Заместитель премьер-министра – министр иностранных дел Республики Казахстан Мурат Нуртлеу принял участие во внеочередном совместном Саммите Лиги арабских государств (ЛАГ) и Организации исламского сотрудничества (ОИС) по урегулированию палестинского вопроса и стабилизации ситуации в Ливане.
В ходе мероприятия представители государств-членов обсудили текущую геополитическую обстановку, вызовы и угрозы, стоящие перед исламским миром, в том числе с учетом текущих событий на Ближнем Востоке.
В своем выступлении М. Нуртлеу отметил важность активного участия ОИС в вопросах обеспечения мира и стабильности в странах региона мусульманской уммы, и призвал участников ОИС и ЛАГ выработать конкретные предложения по скорейшему урегулированию текущих конфликтов.
Глава внешнеполитического ведомства РК особо подчеркнул, что международное сообщество не должно забывать о важной роли миротворческих миссий ООН на Голанских высотах, в Ливане и других частях мира.
В данном контексте было отмечено, что нападения на миротворцев ООН и дипломатические миссии неприемлемы и представляют собой серьезное нарушение международного и гуманитарного права.