Cronos Asia

Астанадағы кәсіпкерлікті дамытудың стратегиялық қадамдары

Астанадағы кәсіпкерлікті дамытудың стратегиялық қадамдары

фото: atameken.kz

Елордада "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Райымбек Баталов пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің шаһар кәсіпкерлерімен кездесуі өтті. Шараның мақсаты – бизнестің қазіргі жағдайын талқылау және елордалық кәсіпкерлердің көкейіндегі сұрақтарына жауап беру.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек өз алғы сөзінде елорда экономикасының негізі ретінде қызмет атқаратын халықты жұмыспен қамтудың 70 пайызын қамтамасыз ететін және ЖӨӨ (жалпы өңірлік өнім) 72 пайызын құрайтын шағын және орта бизнестің маңыздылығына тоқталды. Ол инвестиция көлемі 1,4 трлн теңгеге жеткен, оның 70 пайызын астамы жеке қаражат есебінен келген қаланың инвестициялық тартымдылығының өскенін жеткізді.

Басымдықтардың қатарында әкім кәсіпкерлерге жақсы жағдай жасауды, өндіріс пен экспорт көлемі бойынша көшбасшы №1 индустриалды паркті дамытуды, әлеуметтік кәсіпкерлерді гранттар мен жеңілдетілген бағдарламалар арқылы қолдауды, сондай-ақ, қазақстандық әлеуметтік саласындағы инновациялық шешімдерді дамытуға арналған Social Innovation Hub бірегей жобасын іске қосуды ерекше атап өтті.

Райымбек Баталов өз сөзінде елордада бизнестің өсу қарқынының оң динамикасына тоқталып, Астанада 235 мыңнан астам субъекті жұмыс істейтінін атап өтті. Ол қатысушыларды ШОБ дамытудың экожүйесі – қаржылық, қаржылық емес және инфрақұрылымдық қолдау шараларының кешенімен таныстырды.

Атап айтқанда, Ұлттық палата субсидиялауды, несиелендіруді және бизнеске кепілдік беруді күшейтуді, сондай-ақ, банктік институттар арқылы қаржыландырудың жаңа тетіктерін және оффтейк-келісімшарттарын жасауды ұсынады.

Бизнеске түсетін салмақты азайту мақсатында кәсіпкерлерді оқыту мен салық және әкімшілік мәселелер бойынша кеңес беру базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Қазақстандық өнімді ілгерілету мақсатында қаладағы "Бәйтерек" монументі мен "EXPO" халықаралық көрме орталығы сияқты туристік орындарда отандық тауар өндірушілердің көрме залдарын құру туралы ұсыныс маңызды қадам болды.

Сонымен қатар, Райымбек Баталов шағын және ірі бизнесті байланыстыратын орта бизнестің маңыздылығына тоқталды. Оны қолдау мақсатында экспорттық нарықтарды бірлесіп дамыту, заманауи технологияларды енгізу және өндіріс тиімділігін арттыру үшін кәсіпорындарды біріктіретін кластерлерді дамыту шаралары ұсынылды.

Сонымен қатар, Ұлттық палата басшысы бизнеске қызмет көрсету саласын кешенді және жүйелі түрде біріктіру қажеттігін жеткізді.

"Кәсіпкерлерге арналған электронды қызметтердің көптеген кабинеттері бизнеске қолайсыздықтар туғызады. Сондықтан барлық қажетті функциялар мен қызметтерді бір жерде біріктіретін egovbusiness.kz бірыңғай бизнес-порталын құру ұсынылады. Портал сонымен қатар, деректерді бақылау және талдау мүмкіндігін қосады. Бұл аймақ пен сала бойынша экономикалық жағдайды тиімді бақылауға мүмкіндік береді", - деді Баталов.

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Алин биылғы жылғы бизнесті қолдау бойынша елеулі жұмыстарды арнайы тоқталды.

Одан соң шараға қатысушылар сұрақ-жауапқа көшті. Қойылған сұрақтар негізінде өзекті мәселелерді шешуге және бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсартуға бағытталған тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар дайындалды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнесті қолдауға бағытталған жұмысын жалғастыра бермек. Астана әкімдігімен және бизнес-қоғамдастықпен тығыз ынтымақтастықта бизнес-процестердің тиімділігін арттыру және бизнес-климатты нығайту бойынша практикалық шаралар әзірленіп, жүзеге асырылатын болады.

******************************************************************

В Астане обсудили положение бизнеса Казахстана

В Астане прошла встреча председателя президиума НПП РК "Атамекен" Раимбека Баталова и акима Астаны Жениса Касымбека с предпринимателями города. Цель мероприятия – обсудить текущее положение бизнеса и ответить на вопросы столичных предпринимателей разных сфер.

Аким Астаны Женис Касымбек в своем приветственном слове подчеркнул значимость малого и среднего бизнеса как основы экономики столицы, который обеспечивает 70% занятости трудоспособного населения и формирует 72% ВРП (валовый региональный продукт). Он отметил рост инвестиционной привлекательности города, где объем инвестиций достиг 1,4 трлн тенге, из которых более 70% приходится на частные средства.

Среди приоритетов аким выделил создание лучших условий для предпринимателей, развитие индустриального парка №1 – лидера по объемам производства и экспорта, поддержку социальных предпринимателей через гранты и льготные программы, а также запуск уникального проекта Social Innovation Hub для развития инновационных решений в казахстанской социальной сфере.

Раимбек Баталов в своем выступлении указал на положительную динамику роста предпринимательства в столице, подчеркнув, что в Астане функционирует более 235 тысяч субъектов. Он представил участникам экосистему по развитию МСБ - комплекс мер финансовой, нефинансовой и инфраструктурной поддержки. В частности, Нацпалата предлагает усилить субсидирование, кредитование и гарантирование бизнеса, а также создать новые механизмы для финансирования через банковские учреждения и офтейк-контракты.

Отдельное внимание было уделено обучению предпринимателей и укреплению консультационной базы по налоговым и административным вопросам, чтобы снизить нагрузку на бизнес. Важным шагом стало предложение создать шоу-румы отечественных производителей в туристических точках города, таких как монумент "Байтерек" и Международный Выставочный Центр "EXPO", чтобы продвигать казахстанскую продукцию.

Раимбек Баталов также отметил значимость среднего бизнеса как связующего звена между малым и крупным предпринимательством. Для его поддержки предложены меры по развитию кластеров, объединяющих предприятия для совместного освоения экспортных рынков, внедрения современных технологий и повышения эффективности производства.

Помимо этого, руководитель Нацпалаты отметил необходимость комплексного и системного объединения сервисов для бизнеса.

"Множество кабинетов электронных сервисов для предпринимателей создают неудобства для бизнеса, в связи с чем предлагается создание единого портала для бизнеса egovbusiness.kz, который объединит все необходимые функции и услуги в одном месте. Портал также будет включать возможность мониторинга и анализа данных через дэшборды, что позволит эффективно отслеживать экономическую ситуацию по регионам и отраслям", - сказал Баталов.

Директор Палаты предпринимателей города Астана Канат Алин также отметил значительную работу по поддержке бизнеса в 2024 году.

Далее состоялась сессия вопросов и ответов, в ходе которой спикеры ответили на вопросы предпринимателей. На основе озвученных вопросов были подготовлены соответствующие предложения и поручения, направленные на решение актуальных проблем и улучшение условий для ведения бизнеса.

Национальная палата предпринимателей продолжит работу, направленную на поддержку отечественного бизнеса. В тесном сотрудничестве с акиматом Астаны и предпринимательским сообществом будут разработаны и внедрены практические меры для повышения эффективности бизнес-процессов и укрепления делового климата.

Exit mobile version