Cronos Asia

Абай облысының оқушысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын жасап шығарды

Абай облысының оқушысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын жасап шығарды

фото: пресс-служба

Бородулиха ауданы Жезкент мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрали Амангелдиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Сатылмайтын Алпамыс" атты компьютерлік ойын әзірледі. Ойынның басты мақсаты – оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың зиянын түсіндіріп, оған қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру.

Ойын квест форматында жасалған. Мұнда ойыншы өзіне жасырын агент немесе журналист рөлін таңдай алады. Сондай-ақ тергеуді кімге қатысты жүргізетінін де өзі шешеді: сот, прокурор немесе мемлекеттік қызметші. Ойын барысында ол әртүрлі эпизодтардан өтіп, жемқорлыққа қарсы әрекеттердің қыр-сырын меңгереді және ойын соңында жемқорлықты әшкерелейді.

Қазіргі уақытта ойын мектепте құқық негіздері сабағында тәжірибе ретінде қолданылып жүр. Автор болашақта бұл жобаны ұялы телефондарға арналған тегін қосымша ретінде үш тілде ұсынуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта Нұрали өткен жылы І республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар байқауында жеңіп алған 1 000 000 теңге сыйақысын ойынды дамытуға жұмсаған.

Сонымен бірге ойынның әр кезеңіне Абайдың қара сөздерін қосу арқылы оның рухани мазмұнын байытуды жоспарлап отыр. Бұл ойыншыларға шешім қабылдауда терең ой салуға бағытталған.

"Ойын Қазақстандағы нақты оқиғаларға негізінделген көркем роман форматында жасалған. Әр эпизодта Қылмыстық кодекске түсіндірме беріліп, оқушылардың құқықтық сауаты арттырылады. Ал ойын соңында көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанады", – дейді Нұрали.

"Сатылмайтын Алпамыс" – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыруға арналған ерекше жобаға айналды.

****************************************************

Антикоррупционную компьютерную игру разработал школьник из Абая

Ученик девятого класса Жезкентской школы-лицея Бородулихинского района Нурали Амангельдиев разработал компьютерную игру "Неподкупный Алпамыс", направленную на формирование у школьников осознания вреда коррупции и развитие культуры ее непринятия.

Игра выполнена в формате квеста, где игрок может выбрать для себя роль – тайного агента или журналиста, а также решить, против кого будет вестись расследование: судьи, прокурора или государственного служащего. Проходя различные эпизоды, игрок знакомится с основами антикоррупционной борьбы и в финале раскрывает коррупционную схему.

На данный момент игра используется в школе в качестве эксперимента на уроках основы права. Автор планирует в будущем представить этот проект в виде бесплатного мобильного приложения на трех языках. Для реализации этой цели Нурали направил выигранный им в прошлом году миллион тенге на дальнейшее развитие игры.

На эти средства он приобрел VR-очки и специальное оборудование для расширения функционала игры. Также разработчик планирует добавить в каждый этап игры изречения из "Слов назидания" Абая, чтобы придать игре глубокий духовный смысл и помочь игроку принимать осознанные решения.

"Игра создана в формате художественного романа на основе реальных случаев коррупции. Каждый эпизод сопровождается пояснениями к статьям Уголовного кодекса, что повышает правовую грамотность школьников, а победителем становится игрок, набравший наибольшее количество очков", – отмечает Нурали.

"Неподкупный Алпамыс" стал уникальным проектом, который направлен на повышение правовой культуры учащихся и формирование навыков противодействия коррупции.

Exit mobile version