А.ж. 18 шілдеде сағат 10.00-де қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сақтау, ата-бабадан қалған мәдени-мұраны заман талабына сай жаңғыртып, елімізге насихаттау мақсатында Талдықорған қаласының Достық үйінде "Қоғамдық келісім" КММ-нің ұйымдастыруымен "Ақ отауға – ақ бата" облыстық форумы аясында "Менің шежірем" атты облыстық байқауы өтті.
Байқауға жасы 13-18 жасқа дейін ниет білдірушілер қатысты.
Шара барысында "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Р.К. Усанова қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сақтауды, шежірені білу арқылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің оның мәртебесімен мен маңыздылығына тоқталды.
Сонымен бірге, ұлттық дәстүрлер мен қатынастарды нығайтуға, ата-бабадан қалған мәдени-мұраны заман талабына сай жаңғыртуға, елімізде насихаттауға ат салысуды шақырды.
Байқау келесі номинациялар бойынша өтті:
"Шежіре дегеніміз не?": (Рулар шежіресі туралы слайдтар дайындау);
"Таныстыру рәсімі": (Зерттеу жұмысын жүргізу)
"Ата-бабадан келе жатқан дәстүрлер" музыкалық номинация, (Шежіре шеңберінде, атадан ұрпағына жеткен отбасылық дәстүрін көрсетеді, қолөнер, құрақ-көрпе тігу, ақындық өнері, құсбегілік, қыштан ыдыстар жасау, т.б);
Шара соңында, комиссия мүшелерінің қорытындылауы бойынша марапаттау рәсімі өтті.