Cronos Asia

2026 жылғы "Болашақтың ойындары" Қазақстанда өтеді

2026 жылғы "Болашақтың ойындары" Қазақстанда өтеді

фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Қазақстан 2026 жылғы дәстүрлі спорт түрлері мен киберспортты біріктіретін бірегей турнир – Phygital Games of the Future өткізу мүмкіндігіне ие болды. Бұл турнирді өткізу құқығына Қазақстаннан бөлек, Перу мен Чили мемлекеттері үміткер болған еді.

Қатысушылар жарыста физикалық және цифрлық форматтарды біріктіретін бағдарламаларда сынға түседі.

"Болашақтың ойындарын" Қазақстанда өткізу бастамасын президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Қазан қаласында өткен алғашқы ойындардың ашылу салтанатында ұсынған еді. Келесі жылғы турнир БАӘ-де, ал 2026 жылы Астанада өтетін болып бекітілді.

"Қазақстанда киберспорт қарқынды дамып келеді. 2018 жылдан бері Қазақстан аумағында 140-тан астам киберспорт турнирі ұйымдастырылды. Оған 40 мыңнан аса адам қатысты. Біз «Болашақтың ойындарын» сәтті өткізу үшін барлық күшімізді саламыз", – деді ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Роллан Серіков 2026 жылы "Болашақ ойындарын" ұйымдастырушы елдің жариялануына арналған іс-шарада.

Бұған дейін Phygital International өкілдері турнирді Қазақстанда өткізу мүмкіндігін бағалау үшін Астанаға келген еді. Қазақстан киберспорт федерациясы 2026 жылы Астанада өтетін "Болашақтың ойындарына" дайындықты бастады.

*****************************************************************************************************************************

Казахстан получил статус страны-организатора "Игр будущего" 2026 года

Казахстан был официально выбран местом проведения Phygital Games of the Future 2026 — уникального турнира, объединяющего традиционные виды спорта и киберспорт. За право проведения этого турнира боролись три страны: Казахстан, Перу и Чили.

Участники будут соревноваться в дисциплинах, совмещающих физические и цифровые форматы.

Инициатива провести "Игры будущего" в Казахстане была предложена президентом Касым-Жомартом Токаевым во время церемонии открытия первых игр в Казани в 2024 году. Следующий турнир состоится в ОАЭ в 2025 году, а в 2026 году соревнования пройдут в Астане.

"Казахстан активно поддерживает развитие киберспорта. С 2018 года было проведено более 140 турниров, в которых приняли участие свыше 40 тысяч спортсменов. Мы приложим все усилия для успешного проведения "Игр будущего", — заявил и.о. председателя Комитета по делам спорта и физической культуры Министерства туризма и спорта РК Роллан Сериков на мероприятии по случаю объявления страны-организатора "Игр будущего" в 2026 году.

Ранее представители Phygital International посетили Астану для оценки готовности города к проведению турнира. Казахстанская федерация киберспорта уже начала подготовку к "Играм будущего".


Қазақстанда 2025 жылғы туризм қандай болмақ?

Exit mobile version