Cronos Asia

Жалпыға ортақ қаржылық білім: IDF Eurasia мамандары қаржылық сауаттылық бойынша қазақ тілінде дәріс ұйымдастырды

Жалпыға ортақ қаржылық білім: IDF Eurasia мамандары қаржылық сауаттылық бойынша қазақ тілінде дәріс ұйымдастырды

Фото: edu.yar.ru

Бүгінде қаржылық сауаттылық жайлы жобалар тамырын кеңге жайып, түрлі қоғам мүшелерінің арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Дегенмен, нарықтағы қазақ тіліндегі қаржы курстары немесе бағдарламалары бұл сұранысқа жауап бере алмайды. Мәселені шешу үшін Қазақстандағы IDF Eurasia мамандары (МВҰ Solva және Moneyman) қазақтілді аудитория үшін қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер әзірледі. Бұл туралы жеке қаржы саласындағы маман, бизнес-жаттықтырушы, «Атамекен» ҰКП-ның сертификатталған жаттықтырушысы, «ШФГ №1» ЖШС-ның директоры және құрылтайшысы Ақжүніс Брасилова егжей-тегжейлі айтып берді.

Акжунис Брасилова

- Сіздің компанияңыз қаржылық сауаттылық, оның ішінде қазақ тіліндегі жобаларды белсенді түрде насихаттай бастаған санаулы компаниялардың бірі болып табылады. Неліктен сіз бұл бағытты таңдадыңыз?

- Шындығында, қаржылық сауаттылықты дамыту мәселесімен бірнеше жылдан бері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белсенді түрде айналысып келеді. Сонымен қатар, өткен жылы Қазақстан үкіметі 2024 жылға дейінгі қаржылық сауаттылықты арттыру тұжырымдамасын мақұлдады. Сондай-ақ, бірқатар жеке бастамалар бар.

Алайда, біздің байқағанымыздай, қаржы саласы бойынша қазақ тілді аудиторияға арналған жобалар өте аз, ал халықтың басым бөлігі – қазақ тілді.

Мемлекетке де, ел азаматтарына да көмектесу мақсатында біз бұл бастаманы қолға алып, қазақ тілінде жеке бағдарлама әзірлеуді жөн көрдік.

Біз (№1 Қаржылық сауаттылық мектебі) бұл жауапкершілікті өз мойнымызға алдық, өйткені біріншіден, бізде қаржылық мәселелер бойынша үлкен тәжірибе бар, екіншіден, біздің қызметіміз республиканың көптеген қалаларының тұрғындарымен жұмыс жасауды көздейді және біз еліміздің әр аймағына тән өзіндік мәселесінен де хабарымыз бар.

Біз үшін қаржылық сауаттылық идеясын алға жылжыту коммерциялық үлкен пайда әкелмейді. Бұл қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған әлеуметтік бастамалар.

- Жобаның дәл қазір өзекті болуына не себеп? Оны құру идеясы қалай туындады, не түрткі болды?

- Бұл жобаны құрудың алғышарты - елдің қазіргі экономикалық жағдайы болды. Өткен жылдағы оқиғалар, яғни шектеу шараларының енгізілуі көптеген қазақстандықтардың күнкөріссіз қалғанын айқын көрсетті. Ел азаматтарының қаржылық сауаттылығы мен инвестициялық мәдениетінің деңгейін арттыру қажеттілігі өсті. Сонымен қатар, «қарыз жүктемесі» деңгейі және алаяқтардың қолынан жәбірленушілер саны үнемі өсіп келеді.

Қазақстанда көптеген адамдар қаржы саласында дұрыс қаржылық шешімдер қабылдау үшін қажетті білімге ие емес.

Мұнымен қоса, қаржылық қызметтерді пайдалану деңгейі жыл сайын өсіп келеді. Жеке (отбасылық) қаржы туралы білім деңгейінің жоғарылауы, сонымен қатар кәсіпорын қаражаттарын тиімді басқару ғана халық пен бизнеске пандемия мен дағдарыстарға қарамастан, қаржылық әл-ауқатты сақтауға көмектеседі деп ойлаймын.

- Толығырақ айтыңызшы, қаржылық сауаттылық жобалары қандай аудиторияға арналған?

- Жобалардың басты мақсаты - қаржылық білімді арттыру арқылы әлеуметтік деңгейі төмен отбасылардың әл-ауқатын жақсарту.

Оқыту халықтың барлық топтарына: кәсіпкерлерге, жалдамалы жұмысшыларға, фрилансерлерге, студенттер мен зейнеткерлерге арналған. Осы мақсатта, оқыту семинарларына тегін қатысу мүмкіндігін ұсынамыз. Сондай-ақ, біздің алдымызда кәсіпкерлердің де қаржылық білімін арттыру міндеті тұр. Мемлекеттік тілде қаржылық сауаттылық бағдарламаларын дамыту - көптеген азаматтарға ақшаны басқару бойынша қарапайым білімді игеруге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар, қазақ тілін кеңінен насихаттауға көмектесетінін атап өткім келеді.

- Дәріс пен семинар барысында қандай тақырыптар талқыланады?

- Қаржы жөніндегі жобалардың қазақ тіліндегі бағдарламалары, әдетте, қаржыны басқару мен сақтауға, қаржы құралдарының негізгі түсініктері мен олардың мүмкіндіктеріне, азаматтардың жіберетін қателіктеріне әсер ететін бірнеше негізгі тақырыптардан тұрады. Оқу барысында сарапшылар бюджет пен несие туралы, негізгі білім және инвестициялау сияқты өзекті сұрақтарға сауатты жауап береді.

- Биылғы жылы жүзеге асуы тиіс тағы қандай жоспарларыңыз бар?

- Жоғарыда айтып өткенімдей, біз үкіметті республика тұрғындарының қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру бағдарламасын ілгерілетуде толық қолдаймыз. Осыған орай, компания 2021 жылдың аяғына дейін «Кәсіпкердің жеке қаржысы» онлайн-жобасын ұйымдастыруға шешім қабылдады. Біз оны Қазақстандағы IDF Eurasia тобының әлеуметтік жауапкершілігі аясында іске қосамыз.

Exit mobile version