"Шыда" телехикаясы – тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйелдердің құқықтарын шектеу сынды қазіргі қоғамның өзекті мәселелеріне қарсы тұратын әсерлі драма. Бұл әйелдің бақытқа, өзімен үйлесімді тыныш өмірге апаратын қиын жолы туралы туынды.
25 жастағы Айша бақытты армандап, махаббат жетегімен ерте келін атанады. Алайда тағдыр оған басқа жолды дайындап қойған еді. Оның күйеуі оған физикалық және эмоционалды түрде қорлық көрсететін тиран болса, күйеуінің ата-анасы Айшаға қорғансыз құл сияқты қарайды.
"Қайтып келген қыз жаман" қағидаты бойынша тәрбиеленген Айша өзінің жағдайын жақсартуға үміттеніп, барлық қорлыққа төзеді. Бірақ адам төзгісіз күй кешкенде үйіне оралмақ болады. Өкінішке қарай, қиын сәтте анасы қолдау көрсетпей, Айша күйеуіне қайта оралып, жағдай одан сайын ушыға түседі.
Кейіннен үйдегі озбырлық пен қорлыққа шыдай алмай, Айша кішкентай ұлын өзімен бірге алып кетіп, жаңа өмір бастауға тырысады. Бас кейіпкер жұмысқа орналасып, онда ол өзін бақытты ете алатын жанды жолықтырады. Бірақ азап пен сатқындықты бастан өткерген Айша жаңа қарым-қатынасқа түсуден қорқады.
Қайсарлық пен бақыт жолындағы ізденіс, өзіңе деген сыйластық пен махаббатқа деген құлшыныс туралы телехикаяны талантты режиссер Дәулет Бекмағамбетов түсірген. Бұған дейін ол көрерменнің көзайымына айналған "III интернационал" сериалымен көпке таныс. Жаңа туындыда оның алдында басты міндет – зорлық-зомбылық шырмауынан құтылу және өзін-өзі танудың маңызын көрсету мінденті тұрды.
Ал дәл осындай маңызды әлеуметтік тақырыпты көтеру үшін телехикяға Меруерт Құлсартова, Қуаныш Құдайберген, Альмира Ысқақова, Дамир Мәдиев, Шахризада Серікова, Лиза Серікова, Жомарт Зейнабил, Самал Нұрбаева, Кенжебек Башаров, Ералы Пирмағанбет, Айым Бақытжанқызы және Қуаныш Бейсағалиев сияқты танымал актерлер шақыртылды.
Телехикая Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілді.
*********************************************************************************
Сериал о бытовом насилии покажут в Казахстане
Сериал "Шыда" – это трогательная драма, бросающая вызов актуальным проблемам современного общества: домашнее насилие, ограничение прав женщин. Это история о тяжелом пути женщины к счастью, к обретению достоинства, к спокойной жизни в гармонии с собой.
Айша, 25-летняя молодая девушка, вступила в брак в раннем возрасте, мечтая о счастье. Однако судьба уготовила ей другой путь. Ее муж – тиран, унижающий ее физически и эмоционально. Родители мужа относятся к Айше, как к беззащитной рабыне.
Айша, воспитанная на принципе «қайтып келген қыз жаман», терпит все унижения, надеясь на улучшение своего положения. Но когда ситуация становится невыносимой, она возвращается к своим родителям, которые, не поддержав дочь, отправляют ее обратно в дом мужа, где ситуация становится еще хуже.
Не в силах больше терпеть домашнюю тиранию и унижения, Айша уходит из дома забрав с собой маленького сына и старается начать новую жизнь. Она устраивается на работу, где встречает достойного мужчину, предлагающего ей счастье, которого она заслуживает. Но Айша, испытавшая на себе боль и предательство, боится вступать в новые отношения.
Историю о силе духа, о поиске собственного пути к счастью, об обретении уважения и любви к себе снял опытный режиссер Даулет Бекмагамбетов. Ранее он работал над созданием сериала "III интернационал", который высоко оценили и зрители, и критики. В новом сериале перед ним стояла задача передать важность самопознания и освобождения от цепей насилия.
Для реализации столь важной социальной темы к участию были приглашены такие известные актеры, как Меруерт Кульсартова, Қуаныш Құдайберген, Альмира Искакова, Дамир Мадиев, Шахризада Серикова, Лиза Серикова, Жомарт Зейнабил, Самал Нурбаева, Кенжебек Башаров, Ералы Пирмаганбет, Айым Бакытжанкызы и Куаныш Бейсагалиев.
Производство телесериала осуществилось при поддержке Министерства информации и культуры Республики Казахстан