Kazakh Tourism және Yandex Qazaqstan компанияларының ұзақ мерзімді серіктестігі аясында Карты қолданбасында Алматы мен Астананың көрнекі жерлерінің үш өлшемді үлгілері пайда болды. Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Ғимараттар мен ескерткіштердің көлемді түсті макеттері қалада бағыт-бағдарды жақсырақ білуге көмектеседі. Сондай-ақ, олар солтүстік және оңтүстік астана қонақтарына Қазақстанның көрнекті жерлерімен жақынырақ танысуға, ал олардың тұрғындарына таныс жерлерге жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді.
Барлық модельдер егжей-тегжейлі зерттелген: сәулет ерекшеліктері, жазулар, түстер, көлеңкелер көрінеді, нысандардың текстурасы байқалады. Түнгі тақырыпқа ауысқанда көрнекі жерлерде шын қалада іңір түскендегідей көмескі жарық жанады.
Сапарды жоспарлау кезінде қаланың барлық көрнекі жерлерімен алдын ала виртуалды серуендеуге болады, сондай-ақ фотосуреттер үшін ракурстарды, ал серуендеуге маршруттарды ойластыра аласыз.
Қолданбада 3D-модельді көру үшін іздеу жолына орынның атауын енгізу немесе картадағы нысанды басып, оны жақындату жеткілікті. Үш өлшемді модельді жоғарғы жағынан емес, жанынан қарау үшін экранда екі саусақпен параллель қозғалыс жасау керек. Сонымен бірге екі саусақпен картаны айналдырып, нысанды әр қырынан қарауға болады.
Барлық модельдерді бірден топтамалардан табуға болады. Ол үшін Яндекс Карты қолданбасына кіріп, орындар мен мекенжайларды іздеу түймесін басып, "Орындар топтамасы" тармағын таңдау керек. Олар Almaty Tourism Bureau және Visit Astana деректері негізінде дайындалған және қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде қолжетімді.
"Басты міндетіміз — шартты белгілерге азырақ сүйеніп, шынайы өмірден таныс нысандарды көбірек көрсететін заманауи, интуитивті карталарды жасау. Осылайша Kazakh Tourism компаниясымен жасаған жаңа жобамыздың аясында дизайнерлер тобының 600 сағаттық қарқынды жұмысының арқасында Қазақстанның 17-ге жуық көрнекі жері картадағы басқа нысандарға қатысты көлемге, түске және нақты масштабқа ие болды. Енді пайдаланушыларға қажетті ауданды табу немесе онда бағыт-бағдарды анықтау, сондай-ақ көрнекті орындарды барлық ракурстан зерттеу оңайырақ", — дейді Андрей Столяров, Яндекс Карты визуализация тобының басшысы.
"Yandex Qazaqstan компаниясымен серіктестік орнатқанымызға қуаныштымыз. Бірлескен жұмысымыз туристік нысандарды қолжетімдірек етуге және пайдаланушылар үшін ыңғайлы навигация құралдарын жасауға бағытталған. Ақпаратты карталарға орналастыру біздің мәдени және тарихи мұрамызға көбірек назар аудартады" — деп атап өтті "Kazakh Tourism" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Садуақасов.
Яндекс Карты қолданбасын Google Play немесе App Store дүкендерінен жүктеп алуға болады.
Новости к теме:
Yandex Qazaqstan добавил в Карты новые панорамы городов Казахстана
Яндекс Казахстан обновил навигацию для пешеходов и велосипедистов в Картах
Яндекс Карты Атырау тұрғындарына автобустардың қай жерде жүріп бара жатқанын көрсетеді