Жақында Қазақстанда алғашқы Xiaomi Store дүкені ашылады
Xiaomi Алматы қаласының барлық тұрғындары мен қонақтарын Xiaomi Store жаңа фирмалық дүкенінің салтанатты ашылуына шақырады. Сіз осы жарқын және маңызды оқиғаның бір бөлігі бола аласыз!

Қазақстандағы Xiaomi Store алғашқы фирмалық дүкенінің ресми ашылуы 28 маусымда Алматы қаласындағы Aport Mall East сауда ойын-сауық орталығында өтеді.
Жаңа дүкен қызықты интерактивті кеңістікке айналады. Онда келушілер Xiaomi құрылғыларының ең ауқымды және өзекті желісімен танысып, олардың мүмкіндіктерін зерттеп, сонымен бірге өздеріне ұнаған жаңа өнімдерді сатып ала алады. Бренд үшін де бұл өз сатып алушыларына жақын бола түсудің тамаша мүмкіндігі.
28 маусымда сағат 11.00-де өтетін ресми ашылу салтанатына Xiaomi компаниясының аймақтық және жергілікті басшылары қатысады.
Сонымен қатар бренд жанкүйерлері, БАҚ өкілдері және танымал блогерлер болады.
Xiaomi Алматы қаласының барлық тұрғындары мен қонақтарын Xiaomi Store жаңа фирмалық дүкенінің салтанатты ашылуына шақырады. Сіз осы жарқын және маңызды оқиғаның бір бөлігі бола аласыз!
Сізді эксклюзивті ұсыныстар, тосынсыйлар және ұтыс ойындар күтеді!
Мекенжайы: Алматы қаласы, "Aport Mall East" СОО, Құлжа тракті, 106
Уақыты: 2025 жыл 28 маусым, басталуы сағат 11:00-де.
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!