Өткен жылы айналымнан 2 мыңнан астам жалған ақша алынды

ҚМА азаматтардың назарын валюталық операцияларды жүзеге асыру кезінде сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығына аударады.

Өткен жылы айналымнан 2 мыңнан астам жалған ақша алынды. Желіде азаматтар шынайы ақшаны жалған немесе сувенирлік ақшамен шатастыратын бейнелер таратылады.

Бұл бейнероликтер адамдар тиісті назар аудармай, шынайы ақшаны жалған немесе сувенирлік ақшадан ажырата алмайтынын және заңсыз операцияларға қатысу сияқты жағымсыз салдарға әкеп соғатынын көрсетеді.
2024 жылдың басынан бастап Қазақстан аумағында айналымнан 2 мыңға жуық жалған банкнота алынып, қаржылық тұрақтылыққа елеулі қауіп төндірді.

Жалпы алынған жалған ақшалардың сомасы 80 миллион теңгеден асты. Жалған банкнота жасаумен және сатумен айналысқан 8 адам сотталған. Олар 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Мұндай жағдайларды болдырмау үшін ақшалай операциялар кезінде банкноталарды тексеріңіз. Ақша қағазының сапасына, қорғаныш элементтеріне (мөртаңбасы, микроэлементтері, белгілі бір жарықта көрінетін белгілері) және текстура мен шрифтіне назар аударыңыз.
Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болып қалмау және қылмыстық қудалауға түспеу үшін, бөтен адамдармен ақша алмастырып, валюта айырбастау бойынша қолайлы курс ұсынса да делдалдармен мәміле жасамағаныңыз дұрыс.

Сақ және абай болыңыздар! Егер жалған немесе күмәнді банкноталарды тапсаңыз оны сатуға тырыспаңыз. Дереу ҚМА немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша құқық қорғау органдарына хабарласып, қажетті тексерулерді жүргізгеніңіз жөн.

**********************************

Более 2 тысяч фальшивых банкнот изъято из оборота в прошлом году

АФМ обращает внимание граждан на важность соблюдения мер предосторожности при осуществлении валютных операций.
В сети распространяются видеоролики, в которых граждане путают настоящие денежные купюры с сувенирными или поддельными деньгами.

Эти ролики показывают, как люди, не обращая должного внимания, не могут отличить реальные банкноты от фальшивых или сувенирных, что создает потенциальную угрозу для финансовой безопасности и может привести к нежелательным последствиям, включая участие в незаконных операциях.

С начала 2024 года на территории Казахстана из оборота изъято около 2 тыс. фальшивых банкнот, что представляет собой серьезную угрозу финансовой стабильности.

Общая сумма изъятых фальшивых денег составляет свыше 80 млн тенге. Осуждено 8 человек, занимавшихся изготовлением и сбытом поддельных купюр. Они приговорены к реальным срокам лишения свободы от 5 до 6 лет.

Для того чтобы избежать подобных ситуаций, проверяйте банкноты при сделках с наличными средствами. Обращайте внимание на качество бумаги, защитные элементы (водные знаки, микропечать, элементы, которые видны только при определенном освещении), а также на текстуры и шрифты, которые сложно подделать.

Чтобы не стать жертвой фальшивомонетчиков и не оказаться в орбите уголовного преследования, не следует обменивать деньги у незнакомых лиц и избегать сделок с «менялами», даже если они предлагают обмен по более выгодному курсу.

Будьте внимательны и осторожны! В случае обнаружения фальшивых или подозрительных банкнот, ни в коем случае не пытайтесь их сбыть. Немедленно обращайтесь в АФМ или правоохранительные органы по месту проживания для проведения соответствующих проверок.




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости