Cronos Asia

Дәрігерлер «үнді вирусынан» айыққан адамдар үшін постковидтік синдромның қауіптілігі туралы айтты

Дәрігерлер «үнді вирусынан» айыққан адамдар үшін постковидтік синдромның қауіптілігі туралы айтты

Қалпына келу кезеңінде дельта штамм жұқтырғандардың дауысы өзгеріп, жұтқыншағы қабынуы мүмкін, деп хабарлайды cronos.asia

Дельта-штаммға шалдыққаннан кейінгі постковидтік синдром кезінде шаршау, апатия, әлсіздік, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, дауыстың өзгеруі және мұрын-жұтқыншақтың ұзақ уақыт бойы қызаруы, иістің болмауы, бұлшықеттер мен буындардың ауырсынуы сынды белгілер болады, - дейді дәрігер Константин Хоманов.

Маманның айтуынша, аталған белгілермен қоса, науқастың өкпесі зақымданған жағдайда ентігу пайда болып, тыныс алуы қиындай түсуі мүмкін.

Бұл белгілердің пайда болуы адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты емес.

«Дельта» вирусына көбінесе жастар қауымы шалдығып жатқандықтан, постковидтік синдром бұған дейін зардап шекпеген топтардың арасында да кеңінен таралып жатыр. Сондықтан аурудан айыққан жас емделушілер арасында біз иммундық, тыныс алу және жүйке жүйесіндегі проблемаларды көбірек байқаймыз, - деп атап көрсетті Хоманов.

Сондай-ақ, постковидтік синдромға әр түрлі штаммдардың әсері туралы дәлірек мәліметтер нақты бір зерттеулер жүргізілгеннен кейін белгілі болады деп сенеді дәрігер-вирусолог Виктор Ларичев.

Қазір енді әрбір науқасты тексеріп, вирустың қай түрін жұқтырғанын анықтап жатқан жоқ.  Мәскеудегі науқастардың 70%-ы дәл осы «дельта» шаммына шалдыққан деп саналады. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін «дельтаға» дейін ауырғандар мен кейін ауырғандарды екі топқа бөліп, өзара салыстыруға болады. Сол кезде екі топтағы вирустың науқас денсаулығына әкелер зардаптарын көреміз, -  деп түсіндірді ол.

Наурыз айының соңында Үндістан Денсаулық сақтау министрлігі Үндістанда E484Q және L452R S-ақуызының мутациясымен коронавирустың жаңа түрі табылғанын хабарлады. Бұған дейін вирустың басқа генонұсқаларында байқалған бірден екі мутацияның болуы ерекше алаңдаушылық туғызады.

Бұл мутациялар үлгілердің шамамен 15-20% -ында кездесетіні және британдық, оңтүстік африкалық, бразилиялық штаммдарда кездеспейтіні хабарланды.


Central Asia Cronos Telegram-арнасына жазылып, маңызды ақпаратты бірінші болып біліңіз!

Exit mobile version