Новости и аналитика Центральной Азии

Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға жарты млн астам адам қатысты

Алматыда Қала күніне

Фото: предоставлено пресс-службой акимата г.Алматы

Алматының Қала күніне арналған мерекелік іс-шараларға мегаполистің 500 мыңнан астам тұрғыны мен қонағы қатысты. Мереке қаланың сегіз ауданының барлығын қамтып, негізгі оқиғалар 18-21 қыркүйек күндері өтті.

Мәселен, KitapFest фестивалін 40 мыңнан астам адам тамашаласа, Тұңғыш Президент саябағындағы мерекелік іс-шараларға 100 мыңнан астам қонақ келді. Ал "Астана" алаңында таңнан кешке дейін 130 мыңнан астам көрермен жиналды.

Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға жарты миллионнан астам адам қатысты
Фото: предоставлено пресс-службой акимата г.Алматы

Қаланың орталық алаңдарында, саябақ пен көшелерінде ауқымды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды: Тұңғыш Президент саябағында көлемді Alma Fest-2025 өтті, Панфилов көшесі инновациялық Digital Fest алаңына айналды, ал Арбат KitapFest фестивалінің арқасында нағыз әдебиет орталығына айналды. Бұған қоса, Астана алаңы, Абай алаңы және "Көктөбе" жотасында үлкен концерттер өтті.

Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға жарты миллионнан астам адам қатысты
Фото: предоставлено пресс-службой акимата г.Алматы

Алматылықтар мен қала қонақтарына Роза Рымбаева, "Дос-Мұқасан" ансамблі, Зарина Алтынбаева, Біржан Хасанғали, Бауыржан Мусин, Аружан Данышпан, Ерлан Байназаров, Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев, Il Canto квартеті, "ЖасStars", Александр Лим, Диана мен Ален Самыкеновтер, Жанболат пен Жазира, Салтанат Бақаева, "Ұлытау", "Бақай", "Сардар" топтары, Елбол Қуанбек, Алма Аманжолова, Марал Анарбек, Бақтияр Тайлақбаев, Өктем Алтаев, Бүркіт пен Айша, Медеу Арынбаев, Тамара Асар, Құрмаш Маханов, Бағлан Әбдірайымов, Кеңес Әлімжан, BYTANAT, Еркеш Хасен, Ақылбек Жеменей, Алан Черкасов, Асхат Тарғын, Заттыбек Көпбосын және тағы да көптеген артист өнер көрсетті.

Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға жарты миллионнан астам адам қатысты
Фото: предоставлено пресс-службой акимата г.Алматы

Гала-концерттердің хедлайнерлері Қайрат Нұртас, TURAR, bellucci, "МузАрт" тобы, Shiza, De Lacure, Adam және Ninety One тобы болды. Қала күні Алматыны Қазақстанның мәдени астанасы ретіндегі мәртебесін тағы да айшықтай түсті.

Exit mobile version